Алматы қаласы
Білім басқармасының
"Махатма Ганди атындағы
№92 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727)248-30-40
Есепші бөлімі:
+7(727) 248-46-55
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » 5-сынып оқушыларына өрт қауіпсіздігі бойынша профилактикалық жұмыс
28
ноябрь
2025

5-сынып оқушыларына өрт қауіпсіздігі бойынша профилактикалық жұмыс

Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің азаматтық қорғау саласының мамандары —
азаматтық қорғау майоры Алтебаева Ақтыныс Айтбекқызы,
азаматтық қорғау лейтенанты Әділбай Мухамедәли Мусаұлы,
азаматтық қорғау капитаны Жантықов Әділхан Досымбекұлы

🔆Махатма Ганди атындағы №92 мамандандырылған лицейдің 5-сынып оқушыларына өрт қауіпсіздігі бойынша кең көлемді профилактикалық жұмыс өткізді.

Кездесу барысында мамандар балаларға өрттің шығу себептері, тұрмыстық қауіпсіздік ережелері, төтенше жағдай туындағанда дұрыс әрекет ету жолдары туралы түсінікті әрі әсерлі түрде баяндап берді. Оқушыларға тұрмыста жиі кездесетін қауіп көздері көрсетіліп, 112 нөмірінің маңызы, алғашқы секундтарда дұрыс шешім қабылдаудың өмірді сақтайтыны ерекше атап өтілді.✨
Сонымен бірге, Алматы қалалық Қуыршақ театры өрт қауіпсіздігі тақырыбында тәрбиелік маңызы зор театрландырылған қойылым ұсынып, қауіпсіздік ережелерін балалардың жас ерекшелігіне сай, әсерлі әрі есте қаларлық форматта жеткізді. Қойылым барысында кейіпкерлердің әрекеттері арқылы отты абайсыз қолданудың салдары, сақтық шаралары мен қауіпсіз мінез-құлық үлгілері шынайы әрі түсінікті түрде сахналанды.