21
апрель
2025
Онлайн конференция: «Жалпы білім беретін мектептердегі өрт қауіпсіздігінің жалпы ережелері»
21.04.2025ж. күні Махатма Ганди атындағы №92 лицейдің 7-8 сынып оқушылары ҚР ТЖМ Алматы қаласының Төтенше жағдайлар департаментінің «Жалпы білім беретін мектептердегі өрт қауіпсіздігінің жалпы ережелері» тақырыбындағы онлайн конференцияға қатысыты. Жалпы 234 оқушы қатысқан бұл конференцияның маңызы өскелең ұрпақ үшін өте маңызды. Конференция барысында Төтенше жағдайлар департаментінің мамандары өрт қауіпсіздігі бойынша негізгі ережелерді түсіндіріп, әртүрлі өрт жағдайларында дұрыс әрекет ету, эвакуациялау жолдары және өрт қауіпсіздігін сақтау тәсілдері туралы баяндамалар жасады. Сондай-ақ, оқушыларға арнайы дайындалған бейнемазмұндар мен инфографика арқылы өртке қарсы шаралар көрсетілді. Онлайн форматта өтетін конференцияға қатысушылар сұрақтар қойып, талқылауларға белсене қатысты. Бұл конференция өрт қауіпсіздігін үйретуге және оқушыларды төтенше жағдайлар кезіндегі дұрыс әрекет етуге дайындауға үлкен үлес қосты. Оқушылар өздерінің жауапкершіліктерін түсініп, мектепте және күнделікті өмірде өрт қауіпсіздігін сақтау қажеттілігін сезінді. Мұндай іс-шаралар оқушылардың қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыруға ықпал етеді, олардың болашақта төтенше жағдайлар кезінде сақтық шараларын дұрыс қолдану дағдыларын арттырады.