Алматы қаласы
Білім басқармасының
"Махатма Ганди атындағы
№92 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727)248-30-40
Есепші бөлімі:
+7(727) 248-46-55
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
26
ноябрь
2025

Junior Skills–2025 республикалық кәсіби шеберлік байқауы

Junior Skills–2025 республикалық кәсіби шеберлік байқауы
📍 22–26 қараша, Қызылорда қаласы

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңының 6-1 бабы 1-тармағына сәйкес оқушыларды республикалық «Junior Skills–2025» байқауына қатыстыру туралы бұйрық негізінде, М.Ганди атындағы №92 мамандандырылған лицейдің талантты оқушылары:

🔹 Нарифқұл Амир 9-сынып
🔹 Мереке Амир 9-сынып

мобильді робототехника бағыты бойынша бақ сынап, жоғары нәтиже көрсетіп, III орын иеленді! 🥉🤖

Бұл сапардың толық демеушісі болған «Алматы дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығына ерекше алғыс айтамыз. Оқушылардың қауіпсіздігі мен барлық ұйымдастыру жұмыстары осы орталық тарапынан толықтай қамтамасыз етілді. 🙌

Сондай-ақ орасан зоң қолдауы мен білдірген сенімі үшін 🎓 лицей директоры Шажабаева Кульжан Сауытовнаға,
👨‍🏫 және оқушыларды жарысқа дайындаған жетекші ұстаз Ергеш Нұрсұлтан Сагитянұлына зор алғыс білдіреміз.

Жүлделі орын иеленген оқушыларымызды шын жүректен құттықтаймыз! Мақтанамыз! 💙🇰🇿