25
ноябрь
2025
Халықаралық қатынастарды басқару комитетінің төрағасы лицейімізге келді
25 қараша 2025 ж.
М.Ганди атындағы №92 мамандандырылған лицейіне Халықаралық қатынастарды басқару комитетінің төрағасы Раджпал Сингх мырза іссапармен келді. Кездесу барысында мектеп пен Үндістан елі арасындағы достық әрі білім беру бағытындағы байланыстарды нығайту туралы маңызды әңгіме өрбіді.
Сапардың негізгі мақсаты – оқушылардың кәсіби бағдарлануына қолдау көрсету, халықаралық жобаларға қатысу мүмкіндіктерін кеңейту және білім алмасу бағдарламаларын дамыту. Раджпал Сингх мырза оқушылардың сұрақтарына жауап беріп, болашақ мамандық таңдауда әлемдік білім беру трендтері мен Үнді еліндегі оқу тәжірибесі туралы құнды ақпараттармен бөлісті.
Мектеп пен халықаралық ұйым арасындағы әріптестік – лицей оқушыларына шетелдік білім беру бағдарламалары, тағылымдамалар, мәдени және ғылыми жобаларға қатысу мүмкіндіктерін ұсынатын үлкен қадам.
Кездесу жылы атмосферада өтті және оқушылардың кәсіби даму көкжиегін кеңейтуге жаңа серпін берді.