21
ноябрь
2024
Халықаралық көрме: «Білім және мансап»
21.11.2024ж. күні Алматы қаласында «Атакент» көрме орталығында 20 - 22 қараша күндері аралығында «Атакент-Экспо» халықаралық көрме компаниясының ұйымдастыруымен «Білім және мансап» тақырыбында өтіліп жатқан халықаралық көрмеге лицейіміздің 10 сынып оқушылары қатысып қайтты. «Білім және мансап» көрмесіне қатысу арқылы оқушылар жоғарғы оқу орындарына түсуге қойылатын талаптар мен емтихан тапсыруға дайындық орталықтары, тілдік дағдыларды игеру курстары, халықаралық студенттік алмасу бағдарламаларымен танысып, өздері үшін пайдалы әрі қызықты көптеген ақпараттар алып, сайысқа қатысып, сыйлықтар жеңіп алып қайтты. Қазақстандық халықаралық көрме кәсіптік бағдарлауға және кәсіпті саналы түрде таңдауға ықпал ететін пайдасы мол іс-шара болды.