Алматы қаласы
Білім басқармасының
"Махатма Ганди атындағы
№92 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727)248-30-40
Есепші бөлімі:
+7(727) 248-46-55
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Қалалық семинар: «Мектеп менеджментіндегі ЖИ: уақыт, сапа және нәтиже»
19
ноябрь
2025

Қалалық семинар: «Мектеп менеджментіндегі ЖИ: уақыт, сапа және нәтиже»

Махатма Ганди атындағы №92 мамандандырылған лицей директоры Кульжан Сауытовна  Шажабаеваның басшылығымен Алматы қаласын дамытудың 2025 жылға дейінгі бағдарламасы аясында педагогтердің шетелдік тағылымдамадан кейінгі кәсіби тәжірибесін тарату, жаратылыстану бағытындағы пәндерді оқытуда жасанды интеллекті пайдалану арқылы мұғалімдердің цифрлық құзыреттілігін арттыру мақсатында қалалық семинар өткізілді.
Лицей директоры Шажабаева Кульжан Сауытовнаның «Мектеп менеджментіндегі ЖИ: уақыт, сапа және нәтиже» тақырыбында өз тәжірибесін бөлісіп, жасанды интеллектті мектеп басқаруда  тиімділігін көрсетті.
Информатика пәнінің мұғалімі Ергеш Н.С. лицейдің жаңа цифрлық жүйесі – «SchoolPortal AI92» авторлық платформасымен таныстырып, оқу үдерісін автоматтандыру тәжірибелерімен бөлісті. Бұл жоба лицейдің цифрландыру бағытындағы маңызды қадамы ретінде қатысушылар тарапынан оң бағасын алды.
Семинарға лицей психологтары және  жаратылыстану пәндері бойынша бірнеше бағытқа бөлініп, тәжірибе алмасты:
Мектеп басшылары үшін секцияда лицей директоры Шажабаева Кульжан Сауытовна және ДОЖЖО Слямова Н.Р. педагогтардың KPI (ұйымның мақсатына жетуді өлшейтін негізгі көрсеткіштер жүйесі)  бойынша тәжірибелерімен бөлісті.
Аталған шарада жасанды интеллект-  мектептегі оқу процесінің маңызды бөлігі, әрі  мектеп басқаруда  тиімді құралы екенін көрсетті.