Алматы қаласы
Білім басқармасының
"Махатма Ганди атындағы
№92 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727)248-30-40
Есепші бөлімі:
+7(727) 248-46-55
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
11
ноябрь
2025

Қалалық семинар: "Цифрлық дәуір педагогикасы"

11.11.2025ж.Махатма Ганди атындағы №92 мамандандырылған лицейінде Өрлеу біліктілікті арттыру ұлттық орталығының тыңдаушыларына арналған «Цифрлық дәуір педагогикасы: STEM мен робототехника мүмкіндіктері» тақырыбында қалалық семинар өткізілді.
✅Мақсаты:  Жаратылыстану бағытындағы пән мұғалімдерінің жасанды интеллект құралдарын білім беру үдерісінде тиімді қолдану дағдыларын қалыптастыру, инновациялық әдістермен таныстыру және заманауи цифрлық шешімдерді педагогикалық тәжірибеге енгізуге қолдау көрсету.
 
✅Міндеттері: 
1. Жасанды интеллект құралдарының түрлерімен және оларды білім беру процесінде қолдану жолдарымен таныстыру; 
2. Жаратылыстану пәндерінде ЖИ-ды кіріктірудің әдістемелік тәсілдерін ұсыну; 
3. Мұғалімдердің цифрлық және әдістемелік құзыреттіліктерін дамытуға қолдау көрсету; 
4. Оқушылардың зерттеушілік және шығармашылық қабілеттерін дамытуға бағытталған ЖИ-ға негізделген тапсырмаларды дайындауға ынталандыру;