Алматы қаласы
Білім басқармасының
"Махатма Ганди атындағы
№92 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727)248-30-40
Есепші бөлімі:
+7(727) 248-46-55
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Семинар: "Білім беру процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы"
18
сентябрь
2025

Семинар: "Білім беру процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы"

2025 жылы 18 қыркүйек күні мектепішілік жас мамандар мектебі аясында «2025–2026 оқу жылында Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін мектептерінде білім беру процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы» әдістемелік нұсқау хатымен таныстыру тақырыбында семинар өтті.           
Семинардың мақсаты – жас педагогтерді жаңа оқу жылындағы білім беру үдерісінің ерекшеліктерімен, оқу бағдарламаларындағы өзгерістермен, педагогтердің құжаттамаларын жүргізу тәртібімен және жаңартылған мазмұндағы талаптармен жан-жақты таныстыру.  

   Семинар барысында әдістемелік нұсқау хаттағы негізгі бағыттар, оқу жүктемесі, бағалау жүйесі, сабақ жоспарларын құрастыру қағидалары және білім сапасын арттыруға бағытталған жаңашыл бастамалар талқыланды. Сонымен қатар жас мамандар  сұрақтарына жауап алып, әдістемелік көмек алды.