Алматы қаласы
Білім басқармасының
"Махатма Ганди атындағы
№92 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727)248-30-40
Есепші бөлімі:
+7(727) 248-46-55
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
30
октябрь
2025

Семинар: «Педагог кадрларды аттестаттау туралы»

Мақсаты: Педагог кадрларды аттестаттау үдерісін ұйымдастыруда 2025 жылғы 25 ақпандағы №32 бұйрықпен бекітілген жаңа өзгерістер мен толықтыруларды түсіндіру, педагогтердің кәсіби қызметін бағалаудағы өлшемшарттармен таныстыру және заңнама талаптарына сай әдістемелік қолдау көрсету.
 
2025 жылдың  30 қазан күні ДОӘЖЖО орынбасары Нургуль Рахманкуловна лицей педагогтеріне арналған «Педагог кадрларды аттестаттау туралы» Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңын орындауда Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 27 қаңтардағы   № 83 бұйрығына (өзгерістер мен түзетулер енгізілген ҚР Оқу-ағарту министрінің 25.02.2025ж. №32 бұйрығы негізінде жұмыс жасау»  тақырыбында әдістемелік семинар өткізді.Семинарда «Педагог кадрларды аттестаттау туралы» Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңын орындауда Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 27 қаңтардағы   № 83 бұйрығына (өзгерістер мен түзетулер енгізілген ҚР Оқу-ағарту министрінің 25.02.2025ж. №32 бұйрығының ерекшеліктерімен таныстырды. Педагогтерге кезекті және кезектен тыс біліктілік санаттарын беру тәртібімен және ережелерін баяндады.  Біліктілік санатын беруге (растауға) білім беру ұйымы педагогінің портфолиосын бағалау өлшемшарттарымен таныстырды. Порталға жүктелетін документтер тізімін атап өтті.