28
август
2025
5-сынып оқушыларына «Ашық есік күні» өткізілді
5-сынып оқушыларын жаңа ортаға бейімдеу және лицейдің оқу бағыттарымен, тәртіп ережелерімен таныстыру мақсатында «Ашық есік күні» өткізілді. Сынып жетекшілер оқушыларды лицейдің ерекшеліктерімен таныстырды. Психологтар «Жаңа белеске сенімді қадаммен бірге жетейік!» тақырыбында психологиялық тренинг ұйымдастырды.
🔰Лицей директоры К.С. Шажабаева оқушыларға:
«Білім жолындағы алғашқы қадамдарыңыз сәтті болсын! Әрқайсысыңыз елжанды, білімді тұлға болып өсіңіздер. Лицейімізге қош келдіңіздер!»– деген жылы лебізін білдірді.
📚Жаңа білімге жол осы жерден басталады!