Алматы қаласы
Білім басқармасының
"Махатма Ганди атындағы
№92 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727)248-30-40
Есепші бөлімі:
+7(727) 248-46-55
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
18
июнь
2025

Жас түлектерге аттестат табыстау кеші

Махатма Ганди атындағы №92 мамандандырылған лицейі — бүгінде еліміздің жарқын болашағына айналатын жас түлектерін үлкен өмірге аттандыруда.
♻️Дарынды балаларға арналған жаратылыстану бағытындағы, физика-математика, химия-биология және IT бағыты бойынша терең білім алған, жан-жақты дамыған шәкірттеріміз биылғы 2024–2025 оқу жылын абыроймен аяқтап отыр.
♻️Биыл лицей қабырғасынан 98 түлек үлкен өмірге қадам басты. Олардың қатарында:
•    7 оқушы – “Алтын белгі” иегері🏅•    9 оқушы – “Үздік аттестат” иегері🏅Дәл қазіргі сәтте 20 оқушы – Шет елдік және мемлекеттік білім гранттарының жеңімпаздары
Сондай ақ 82 түлек –білім сапарында табандылық танытқан көк аттестат иегерлері.
♻️Бұл — ұстаздардың өлшеусіз еңбегі мен ата-аналардың шексіз қолдауының, ең бастысы, оқушылардың тынымсыз ізденісі мен талмай еңбектенуінің жемісі!
Махатма Ганди атындағы №92 мамандандырылған лицейі — болашақ көшбасшылардың алтын ұясы! Бұл білім ордасынан түлеп ұшқан әрбір жас – еліміздің ертеңіне қосылған зор үлес, жарқын болашақтың кепілі!

💐 Құрметті оқушылар, болашақтарыңыз жарқын, армандарыңыз асқақ болсын!