13
июнь
2025
9-сынып оқушылары аттестат алу салтанаты
2025 жылдың 13 маусымында Махатма Ганди атындағы №92 мамандандырылған лицейдің 9«Г» сыныбы үшін ерекше әрі есте қаларлық күн болды.
🔰Бұл күні олар алғашқы үлкен белес — негізгі мектепті аяқтап, аттестат алу салтанатына қатысты. Ұстаздар мен ата-аналар оқушылардың жетістіктеріне қуанып, болашақтарына ақ жол тіледі. Сыныптастар бір-біріне жылы лебіздерін айтып, алдағы үлкен өмірге қадам басты. Аттестат — тек құжат қана емес, бұл — еңбек пен табандылықтың нәтижесі.
Сынып жетекшісі: Мықтыбек Таңірберген Бақытжанұлы