22
апрель
2025
«Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы
Махатма Ганди атындағы №92 лицейінде «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасын іске асыру аясында сәуір айының 3 апта дәйексөзі:«Болашағы зор мамандықтар жоқ, тек болашағы зор мамандар бар.» лэд экрандарда ойнатылып тұр. Бұл сөздер адамның еңбекқорлығы, білім мен дағдылардың үздіксіз жетілдірілуі, өз ісіне деген шынайы қызығушылық пен адалдық болашақ маманның табысты болуына ықпал ететінін көрсетеді. Мамандықтың өзінен гөрі, оның иесі болатын тұлға маңыздырақ, өйткені кез келген мамандықтың болашағы сол маманның өзіне байланысты.
Бұл дәйексөз оқушылардың жеке дамуына, өз күшіне сенімін арттыруға, өздеріне мақсат қойып, үздіксіз ізденіс пен еңбек етудің маңыздылығын түсіндіруге бағытталған. Сонымен қатар, бұл тұжырым балаларға тек кәсіптің иесі болуды емес, болашақ маман ретінде өздерін кәсіби түрде қалыптастыруды және қоғамға пайдалы болуды үйретеді.