11
апрель
2025
Іс-шара: «12 сәуір – Ғарышкерлер күніне»
11.04.2025ж. күні М.Ганди атындағы №92 мамандандырылған лицейде физика-информатика пәндері кафедрасының ұйымдастыруымен «12 сәуір – Ғарышкерлер күніне» арналған танымдық іс-шара жоғары деңгейде өтті.
Іс-шара барысында оқушылар ғарыш кеңістігі, ғарышкерлердің ерлігі мен ғылымдағы жетістіктер туралы мол мағлұмат алды. Қазақ даласынан көкке самғаған тұңғыш ғарышкерлердің өмірі мен жетістіктері оқушылардың зор қызығушылығын тудырды.
Іс-шараның ерекше сәттерінің бірі – оқушылардың өз қолдарымен жасаған шағын ракетаны ұшыруы болды. Бұл – олардың ғылымға деген ынтасын арттырып, шығармашылық қабілеттерін шыңдауға үлкен мүмкіндік берді. Ғарыш әлеміне деген қызығушылықты арттырумен қатар, бұл шара оқушылардың теориялық білімдерін тәжірибеде қолдануға жол ашты.