10
апрель
2025
Оқу-ағарту министрі ұстаздарымен онлайн кеңес өткізді
2025 жылғы 10 сәуірде Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрі Бейсембаев Ғани Бектайұлы Қазақстанның Еңбек Ерлерімен және Қазақстанның еңбек сіңірген ұстаздарымен онлайн кеңес өткізді.
Кеңеске Алматы қаласы Білім басқармасының басшысы Сайфеденов Сайран Тәпенұлы, қалалық ғылыми-әдістемелік орталықтың басшысы Сағынғалиев Дәурен Наурызбайұлы және Алматы қаласындағы «Қазақстанның Еңбек Ері» атағын алған ұлағатты ұстаз Нұрпейісова Гүлжанар Молдакерімқызы, сондай-ақ «Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы» құрметті атағына ие білім беру саласының үздіктері Аманбай Ғазиза Абдықалыққызы, Қарабалина Орынша Жолмұратқызы, Мамбетова Майра Рабатовна, Есмағамбетова Ләззат Әмірғалиқызы, Махамбетова Гүлбану Жамбековна, Мұратбекова Ханымқыз Қыдырбаевна, Тілеубай Сәния Өскенбайқызы қатысты.
Кеңес барысында ұстаздардың кәсіби дамуын қолдау, білім беру жүйесінің сапасын арттыру, педагогикалық еңбекке деген құрметті күшейтуге қатысты ұсыныстар мен пікірлер айтылды.
Ел игілігі үшін аянбай еңбек етіп, білім шамын жаққан ұлағатты ұстаздарымыз лицейге жүрекжарды алғыстарын білдіріп, ақжарма тілектерін арнады.