Алматы қаласы
Білім басқармасының
"Махатма Ганди атындағы
№92 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727)248-30-40
Есепші бөлімі:
+7(727) 248-46-55
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
17
май
2024

Оқу-ағарту министрі Ғ.Б.Бектайұлымен онлайн кездесу

2024 жылдың 17 мамыр күні “Алтын белгіге” үміткер оқушылардың Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрі Ғ.Б.Бектайұлымен онлайн кездесуі өтті. Мен, Серікова Аяулым, М.Ганди атындағы №92 мамандандырылған лицей оқушысы осы кездесуге қатыстым. 
Кездесу мақсаты: үміткерлердің жарқын болашаққа деген жоспарлары мен 11 жыл бойы білім мен тәлім-тәрбие алған аяулы мектептерінде жеткен жетістіктерімен бөлісу. Қазақстанның әрбір өңірінен жиналған “Алтын белгі” үміткерлері сөз сөйлеп, білім саласындағы заман талабына сай өзгерістермен таныстырған болатын. Бәріміз білетіндей, XXI ғасыр - білім мен техниканың қарыштап дамуы кезеңі. Соған байланысты “Бәсекеге қабілетті, іргетасы мықты елге айналу үшін Z ұрпағы бойында қандай қасиеттер мен адами құндылықтар болуы тиіс?”, “Республикамызды дамыған мемлекеттер қатарына енгізу үшін біз, жас ұрпақ, не істей аламыз?”, “Болашақ маман иелері ретінде алдымызға қандай мақсаттар қоямыз?”- деген сұрақтар төңірегінде оқушылар ой өрбітті. 
Министр мен 2023 жылдың “Алтын белгі” иегерлері үміткерлерді мұқият тыңдап, өз пікірлерін білдірді. Бұл кездесу дәстүрлі іс-шараға айналады деген сенімдемін, өйткені мен де келесі жылы түлектермен пікір алмасып, тәжірибемен алмасқым келеді.  Ал Ғ.Бектайұлы өзінің мектеп оқушысы болған кезеңдегі қызықты оқиғалармен және алған тәжірибесімен бөлісті. Кездесу арқасында мен өзіме ой түйіп, алдыма жаңа мақсаттар қойдым. Ғ.Б.Бектайұлына жаңа тәжірибе алғаным үшін рақмет айтамын!