Алматы қаласы
Білім басқармасының
"Махатма Ганди атындағы
№92 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727)248-30-40
Есепші бөлімі:
+7(727) 248-46-55
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
24
февраль
2025

Ашық сабақ: «Еңісте» тарауындағы Тобықтының жастары»

24 ақпан 2025 жылы 11 «Г» сыныбында қазақ әдебиетінен «Еңісте» тарауындағы Тобықтының жастары» тақырыбында ашық сабақ өткізілді.
🔰Сабақтың оқу мақсаттары:
11.2.2.1 - шығармадағы авторлық идеяның өмір шындығымен байланысын анықтау;
11.3.4.1 - шығарманы идеялық жағынан мазмұндас туындылармен салыстыра отырып, әдеби сын жазу.
 Оқушылар сабақтың басында «Абай жолы» фильмінен үзіндіні көріп, М.Әуезовтің романды  жазу тарихына қысқаша шолу жасады. «Ақындар», «Әншілер», «Серілер» топтарына бірігіп, «Абай жолы» романының «Еңісте» тарауындағы сюжетті талдап, «Хикаят картасы», «SWOT талдау», «ПСМТ» әдістерімен автор идеясын анықтады, өмір шындығын көрсетті, «Постер», «Кластер» әдістерімен романды идеялық жағынан мазмұндас әдеби шығармалармен салыстырды, «Романдағы Тобықтының жастары» тақырыбында әдеби сын жұмысын жазды. Сабақтың рефлексия бөлімінде «Раунд Робин» әдісімен кері байланыс жасалды. 
 
Пән мұғалімі: Мунасаева Р.Н.