29
сентябрь
2024
Оқушылар Медеуге саяхат жасады
29.09.2024ж. 9 “Д” сынып оқушылары Алматының әсем жері – Медеуге саяхат жасады. Бұл сапар олардың есінде ұзақ уақыт сақталатын болады! Жасыл тау бөктері, таза ауа және керемет көріністер балалардың көңіл-күйін көтеріп, ерекше әсер қалдырды. Медеудің биік белестеріне шығып, оқушылар табиғатпен тығыз байланыста болудың маңызын түсінді. Сондай-ақ, олар мұз айдыны мен қоршаған ортаның әсемдігін тамашалап, достарымен қызықты уақыт өткізді. Бұл саяхат оқушылардың жаңа күш-қуат алып, сергек әрі шабытты болуына септігін тигізеді деген ойдамыз.