Алматы қаласы
Білім басқармасының
"Махатма Ганди атындағы
№92 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727)248-30-40
Есепші бөлімі:
+7(727) 248-46-55
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
Онкүндіктің ашылу салтанаты: «Спорт – денсаулық кепілі»
13
май
2026
Онкүндіктің ашылу салтанаты: «Спорт – денсаулық кепілі»
13.05.2026 жылы М. Ганди атындағы №92 мамандандырылған лицейінде Дене шынықтыру және АӘ және ТД әдістемелік бірлестігінің ұйымдастыруымен «Спорт – денсаулық кепілі» атты онкүндіктің салтанатты ашылуы өтті. ✨ Іс-шараның мақсаты – оқушыларға спорттың адам денсаулығы үшін маңызын түсіндіру, салауатты өмір салтын насихаттау, дене шынықтыруға қызығушылықтарын арттыру және ұйымшылдық пен төзімділікке тәрбиелеу. Ашылу барысында оқушылар белсенділік танытып, спорттық рух пен көтеріңкі көңіл күй
Республикалық Сұлтан Бейбарыс жарысы
13
май
2026
Республикалық Сұлтан Бейбарыс жарысы
Маратбек Әмір республикалық Сұлтан Бейбарыс жарысының қола жүлдегері атанды! 🥉 Бұл – үлкен еңбек пен табандылықтың жемісі. Алдағы уақытта да биік белестерден көрініп, жеңісті жолың жалғаса берсін! 🔥 Жеңіс құтты болсын! Биіктерден көріне бер!
Демалыс күндеріндегі қауіпсіздік – басты назарда!
11
май
2026
Демалыс күндеріндегі қауіпсіздік – басты назарда!
Демалыс күндеріндегі қауіпсіздік – басты назарда! Лицей инспекторы Айна Ергешқызы оқушылармен кездесу өткізіп, демалыс уақытындағы қауіпсіздік ережелерін түсіндірді. Кездесу барысында: 🚦 жолда жүру тәртібі 🔥 өрт қауіпсіздігі 👥 бейтаныс адамдардан сақ болу 🏙️ қоғамдық орындарда тәртіп сақтау туралы маңызды ақпараттар айтылды. Оқушыларға қауіпсіздік талаптарын сақтау – өз өмірі мен айналасындағылардың амандығына жауапкершілікпен қарау екені түсіндірілді. ✨ Қауіпсіздік ережелерін сақтайық! ✨
Шерхан Мұртаза оқулары байқауы
08
май
2026
Шерхан Мұртаза оқулары байқауы
«Шерхан Мұртаза оқулары» республикалық байқауының аудандық кезеңінде оқушыларымыз жүлделі орындарға ие болды 🏆 🥇 I дәрежелі диплом №2 МЛ оқушысы — Рашид Айқарагөз Жетекшісі: Юлдашева Г.Б. 🥈 II дәрежелі диплом №2 МЛ оқушысы — Мусабаев Расул Жетекшісі: Мунасаева Р.Н. 🥉 III дәрежелі диплом №2 МЛ оқушысы — Укен Ұлдай Жетекшісі: Арын Н.Д. Оқушыларымызды жеңістерімен шын жүректен құттықтаймыз! 👏 Әр жетістік – үлкен еңбектің нәтижесі. Алдағы уақытта да биік белестерді бағындыра беріңіздер! 
Халықаралық деңгейдегі Uzbekistan First Championship жарысы
06
май
2026
Халықаралық деңгейдегі Uzbekistan First Championship жарысы
29–30 сәуір күндері Өзбекстанда халықаралық деңгейдегі Uzbekistan First Championship жарысы өтті. Бұл чемпионатқа әр мемлекеттен үздік әрі тәжірибелі командалар қатысып, робототехника саласындағы білімдері мен шеберліктерін көрсетті. Осы беделді жарыста Алматы қаласы М. Ганди атындағы №92 мамандандырылған лицейінің URAN 92 командасы FTC санаты бойынша қатысып, жоғары нәтиже көрсетіп, лицейіміздің абыройын асқақтатты. Командамыз жарыс қорытындысы бойынша: 🏆 Innovate Award Winner — 1 орын 🥈