Жалпы қалалық сейсмикалық жаттығу өткізілді
14.05.2026 ж.М.Ганди атындағы №92 мамандандырылған лицейінде 5–11 сынып оқушылары арасында жоспарлы жалпы қалалық сейсмикалық жаттығу өткізілді. Жаттығудың мақсаты — төтенше жағдай кезінде оқушылар мен мұғалімдердің қауіпсіз әрекет ету дағдыларын қалыптастыру және эвакуация тәртібін пысықтау. Оқушылар мен педагогикалық ұжым жаттығуға белсенді қатысып, қауіпсіздік ережелерін сақтай отырып ұйымдасқан түрде эвакуация жасады. Қауіпсіздік — баршамызға ортақ маңызды міндет!