Алматы қаласы
Білім басқармасының
"Махатма Ганди атындағы
№92 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727)248-30-40
Есепші бөлімі:
+7(727) 248-46-55
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
Ашық сабақ: "Ерітінділердің массалық үлесін анықтау"
05
декабрь
2025
Ашық сабақ: "Ерітінділердің массалық үлесін анықтау"
5.12.2025 жылы 5 «Ә» сыныбының 1-тобында Жаратылыстану пәні бойынша ашық сабақ өткізілді. 🔬 Тақырыбы: Ерітінділердің массалық үлесін анықтау 🎯 Мақсаты: Ерітінділердегі заттардың массасын және олардың массалық үлесін формула мен тәжірибе арқылы анықтау. 🧪 Ашық сабақ барысында оқушылар берілген ерітіндідегі заттардың массаларын тәжірибе жүзінде өлшеп, формула арқылы есептеу жолдарын меңгерді. Тәжірибелік жұмыс арқылы оқушылардың зерттеу дағдылары жетілдірілді. 👩‍🏫 Пән мұғалімі: Калыева Ақбота
Бірімжанов атындағы химия олимпиадасы
04
декабрь
2025
Бірімжанов атындағы химия олимпиадасы
Алматы қалалық жоғарғы сынып оқушылары арасында өткен «Бірімжанов атындағы химия олимпиадасында» үздік білім көрсетіп, ерекше көзге түскені үшін Аязбай Кәусар «Химия-Биология» мектебі атынан курсқа жолдама алды. 🎉🔬📘 Құттықтаймыз, Аязбай Кәусар! 🌟🎉 Сенің талантың мен еңбегің осындай тамаша нәтиже әкелді!
Бірімжанов атындағы химия олимпиадасында
04
декабрь
2025
Бірімжанов атындағы химия олимпиадасында
Алматы қалалық жоғарғы сынып оқушылары арасында өткен «Бірімжанов атындағы химия олимпиадасында» үздік білім көрсетіп, жоғары нәтиже танытып, 🥇I орын алғаны үшін 11 «Б» сынып оқушысы Улдаханова Аянат марапатталды. 🎉📘 Сондай-ақ, 200 000 теңге сыйақыға ие болды. Жарайсың, Аянат! Жетістіктерің мол болсын, алға қойған биіктеріңе жету жолында әрдайым сәттілік серік болсын!
Сыныптан тыс іс-шара: «One Day in Medicine»
03
декабрь
2025
Сыныптан тыс іс-шара: «One Day in Medicine»
2025 жылдың 03 желтоқсан күні «Мектептен тыс оқыту – білім көзін кеңейту» жобасы және Ғылыми жаратылыстану кафедрасының айлығы аясында С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінде өткен «One Day in Medicine» тақырыбындағы сыныптан тыс іс-шара Махатма Ганди атындағы №92 мамандандырылған лицейдің 10 «Г» сынып оқушыларының қатысуымен өтті. ✨🩺 Іс-шараның бірінші бөлігінде оқушылар Анатомиялық музейді аралап, адам ағзасының күрделі құрылымы мен патологиялық өзгерістерімен танысты.
«JUNIORSKILLS-2025» республикалық кәсіби шеберлік байқауы
03
декабрь
2025
«JUNIORSKILLS-2025» республикалық кәсіби шеберлік байқауы
Жалпы білім беретін мектеп оқушылары арасындағы «JUNIORSKILLS-2025» республикалық кәсіби шеберлік байқауында «Мобильді робототехника» құзыреті бойынша 🥉ІІІ орын алғаны үшін Мереке Амир ,Нарифқұл Амир марапатталды.🎉🤖✨ Жетістіктерің көп болып, әрқашан биіктерден көріне беріңдер!
Ашық есік күні: «Ел борышы – ел қорғау»
02
декабрь
2025
Ашық есік күні: «Ел борышы – ел қорғау»
2025 жылдың 2 желтоқсан күні Қ.Сәтпаев атындағы әскери істер институтында «Ел борышы – ел қорғау» тақырыбында өтетін ашық есік күніне «Махатма Ганди атындағы №92 мамандандырылған лицей» 10-сынып оқушылары қатысты.
FAGG Trophy және Academic Cup жарыстары
02
декабрь
2025
FAGG Trophy және Academic Cup жарыстары
Қазақстан құрамасы Самоков қаласында (Болгария) өтетін әлем чемпионатының алдында ұйымдастырылған FAGG Trophy және Academic Cup жарыстарында табысты өнер көрсетті. Бұл турнирлерге 29 елден келген 1000 спортшыдан құралған 138 команда қатысты. Лицейіміздің 9 “Г” сыныбының оқушысы Джаболдинова Адия-да осы құраманың сапында өнер көрсетіп, өз шеберлігін жоғары деңгейде танытты.