Қалалық сенбілік
Бүгін лицейімізде ерікті оқушылар мен ұстаздардың қатысуымен қалалық сенбілік өтті. Іс-шара барысында оқу орнының аумағы тазаланып, гүлдер отырғызылып, ағаштар күтімнен өткізілді. Мұндай игі бастамалар оқушыларды еңбекке баулып, табиғатқа деген сүйіспеншілікті арттырады.