Алматы қаласы
Білім басқармасының
"Махатма Ганди атындағы
№92 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727)248-30-40
Есепші бөлімі:
+7(727) 248-46-55
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » “Мектеп бітіру кешіне”, қорытынды аттестаттау, мектепішілік іс-шараларға байланысты талаптар
10
май
2025

“Мектеп бітіру кешіне”, қорытынды аттестаттау, мектепішілік іс-шараларға байланысты талаптар

‼️ ҚҰРМЕТТІ АТА-АНАЛАР! ‼️ 
📅 2024–2025 оқу жылының соңында өтетін “Мектеп бітіру кешіне”, қорытынды аттестаттау және өзге де мектепішілік іс-шараларға байланысты төмендегі талаптарды назарларыңызға ұсынамыз:

🚫 ҚАТАҢ ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ:
🔸 9 және 11-сынып оқушыларынан мектеп қажеттіліктеріне орай ақша жинауға; 
🔸 Аниматорлар, әртістер, агенттіктер мен студияларды шақыруға; 
🔸 Мұғалімдерге немесе мектеп әкімшілігіне сыйлық беруге; 
🔸 Мектеп ішіндегі жөндеу немесе тазалық жұмыстарына қаражат жинауға; 
🔸 Мейрамханалар, ойын-сауық орталықтары, саябақтар мен автокөлік шерулерін ұйымдастыруға; 
🔸 Сынып ішінде дастарқан жаю немесе ата-аналардан қосымша ақша талап етуге.

✅ ҚАТАҢ САҚТАЛУЫ ТИІС ТАЛАПТАР:
✔️ “мектеп бітіру кеші” шарасына оқушының заңды өкілі ғана қатыса алады; 
✔️ Барлық оқушыларға қауіпсіздік ережелері алдын ала таныстырылады; 
✔️ Педагогикалық әдепті сақтау, әділдік пен жауапкершілік қағидаларын ұстану – ортақ міндетіміз; 
✔️ Ашықтық, әділеттілік және бірлік – мектеп ұжымы мен ата-ана арасындағы негізгі құндылық
📣 ҚҰРМЕТТІ АТА-АНА!
Біздің басты мақсатымыз – оқушылар үшін тәрбиелік маңызы жоғары қауіпсіз орта қалыптастыру. 
📌 Екі жақты талаптарды бірлесе орындай отырып, өзара сенім мен сыйластыққа негізделген орта құру.

📞 Сұрақтар бойынша мектеп әкімшілігіне немесе өзіме  тікелей хабарласуларыңызға болады: 
Байланыс нөмірі: 
 +7 (7756745554
📬 Біз әрқашан кері байланысқа дайынбыз
 Лицей директоры Кульжан Сауытовна