Оқушылар Әлия Молдағұлова атындағы көшесіне барды
Бүгін лицей оқушылары Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына орай Әлия Молдағұлова атындағы көшеге барды. Бұл күн — батырлық пен ерліктің мәңгілік естелігі, ержүрек жауынгерлеріміздің рухына тағзым ету күні. Әлия Молдағұлова — қазақтың қаһарман қызы, ерлік пен батылдықтың символы. Ол майдан даласында өз өмірін Отан қорғауға арнап, елге деген шексіз сүйіспеншілігін дәлелдеді. Оның ерлігі — әрбір қазақ жүрегінде мәңгі сақталар ерлік үлгісі. Бұл күн — ерлікті ұлықтайтын, бейбітшілік үшін