Алматы қаласы
Білім басқармасының
"Махатма Ганди атындағы
№92 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727)248-30-40
Есепші бөлімі:
+7(727) 248-46-55
Нашар көрушілер
нұсқасы
19
ноябрь
2021

Әдістемелік кеңес

Қараша айының 19-і күні лицейде әдістемелік кеңес өтілді. 
Әдістемелік кеңес барысында лицейіміздің білікті ұстаздары ғылыми-шығармашылық ізденіс жұмыстарының нәтижелерімен бөлісті. 
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің жоғары санатты мұғалімі, педагог-шебер Мунасаева Рая Нуровна өзінің ғылыми-шығармашылық ізденіс жұмыстарының нәтижелерімен бөлісті. Мунасаева Рая Нуровна өзінің ғылыми-шығармашылық ізденіс жұмыстарын нақты бағыттарға жіктей отырып көрсетті. 
🔰Оқушылармен жүргізілетін ғылыми-шығармашылық жұмыстардың бағыттары
-Оқушылардың ғылыми жоба жұмыстары;
-Пән олимпиадаларына дайындықтың екі кезеңі:
1) шығармашылық жазба жұмыстары;
2) қазақ тілінің грамматикасы мен әдебиет теориясы, тарихы;
-көркем сөз оқу
🔰Пән мұғалімінің ғылыми-шығармашылық жұмыстардың бағыттары
-Оқу-әдістемелік кешен (оқулық, дидактикалық материалдар, мұғалімге арналған әдістемелік нұсқаулық) жазуға қатысу;
-тест құрастыруға, сараптама жасауға қатысу;
-баспасөзге ғылыми-танымдық мақала мен қысқа мерзімді сабақ жоспарларының үлгілерін жариялау
🔰Эссе байқауына дайындық (сабақтан тыс уақыт)
Лицейіміздің химия пәнінің мұғалімі Каумбаев Суннатулла өзінің ғылыми-шығармашылық ізденіс жұмыстарының нәтижелері ретінде “Сабақ барысында әртүрлі әдіс-тәсілдерді қолдану арқылы дарынды балаларды дамыту” тақырыбында ізденіс жұмыстарымен таныстырды. 
🔰“Химия пәнінен стандартты емес есептерді шығарту” тақырыбында мұғалімнің авторлық бағдарламасы таныстырылды. 
🔰Сабақ барысында ойын технологиясын қолдану және ойындарды құрастыру тақырыбында авторлық ойын түрлері 
-“Менделеев кестесі” ойыны
-“Химиялық реакция” ойындарымен таныстырды. 
Сонымен қатар оқушылардың практикалық дағдыларын дамыту бойынша жеке тәжірибелерімен бөлісті. 
Лицейіміздің білікті де, білімді мұғалімдерімі осылай өздерінің ғылыми-шығармашылық ізденіс жұмыстарының нәтижелерімен таныстырды.