Алматы қаласы
Білім басқармасының
"Махатма Ганди атындағы
№92 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727)248-30-40
Есепші бөлімі:
+7(727) 248-46-55
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Ашық сабақ: «Мәдени жаһандану. Ғылыми стильдің тілдік көріністері»
08
октябрь
2021

Ашық сабақ: «Мәдени жаһандану. Ғылыми стильдің тілдік көріністері»

М.Ганди атындағы №92 мамандандырылған лицейде қоғамдық-гуманитарлық пәндер айлығының аясында қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Мунасаева Р.Н. 9 «А» сыныбында қазақ тілінен «Мәдени жаһандану. Ғылыми стильдің тілдік көріністері» тақырыбында ашық сабақ өткізді. 
Сабақтың оқу мақсаттары:
◾қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық,  ғылыми тақырыптарға байланысты әртүрлі жанрдағы кең көлемді мәтіндердегі (дәріс, интервью, пікірталас, монография, мақала, Жолдау) мақсатты аудитория мен көркемдегіш құралдардың рөлін талдау;
◾әртүрлі стильдегі мәтіндердің тақырыбын, қызметін, құрылымын, тілдік ерекшелігін  салыстыра талдау.
Сабақта оқытудың жеке, жұптық, топтық түрлері қолданылды. Оқу мақсаттарына сәйкес жаһандануға қатысты мәтіндер талданып, аудиториясы мен көркемдегіш құралдар, стилі мен құрылымы, тілдік ерекшеліктері анықталды.
Оқушылардың грамматикалық талдау дағдыларының арттырылуына баса назар аударылды. 
✔Формативті бағалау дескрипторларға сәйкес жүргізілді.