Алматы қаласы
Білім басқармасының
"Махатма Ганди атындағы
№92 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727)248-30-40
Есепші бөлімі:
+7(727) 248-46-55
Нашар көрушілер
нұсқасы
31
май
2021

ҒЫЛЫМИ-ӘДІСТЕМЕЛІК КОНФЕРЕНЦИЯ

31.05.2021 ж күні лицейде ғылыми-әдістемелік конференция болды.

Тақырыбы: «Білімді ізгілендіру жағдайында оқу-тәрбие үдерісінің нәтижелілігі»

Күн тәртібі бойынша қаралған мәселелер:

  1. 2020-2021 оқу жылының қорытындысы бойынша кафедра және Әдістемелік бірлестік жұмыстарына талдау.
  2. Оқушылардың шығармашылық іс-әрекетін ұйымдастыру.
  3. Лицей психологы есебі.
  4. Мұғалім қызметінің рейтингісі.

Әдістемелік бірлестік жетекшілері кафедраның сапалық құрамымен  таныстыра отырып, 2020-2021 оқу жылында өткізілген ашық сабақтар мен сыныптан тыс іс-шаралар, лицей мұғалімдері мен білім алушылардың жетістіктерін атап өтіп, жылдық есеп берді.

Келесі қаралған мәселе бойынша лицей психологы Турсунбекова Ақниет педагог-психолог жұмысының жылдық есебін берді. Психологиялық қызметтің негізгі мақсат-міндеттерін көрсете отырып, психолог жұмысының негізгі бағыттары бойынша жүргізілген жұмыстардың қорытындысын берді.

Оқу жылында:

  • «Сабақ үрдісінде оқушылардың жеке дара ерекшеліктерін зерттеу және ескеру» атты мұғалімдерге арналған кеңестер;
  • «Оқушылардың таным процесстерін дамытуға арналған жаттығулар» тақырыбында ұсыныстар;
  • Қашықтан оқыту штаттық режимде және қашықтықтан аралас форматта оқыту кезінде мұғалімдерге психологиялық тренингтер;
  • Қыз балаларға арналған: «Қазақ қызы-ұлттық тәрбие бастауы», «Қыз қылығымен...», «Қыз бойындағы асыл қасиеттер» тақырыптарында кеңестер және тағы да басқа өткізілген іс-шаралар есебін берді.

Бауыржанқызы Динара 2020-2021 оқу жылында тәрбие бағыты бойынша сынып жетекшілердің жылдық есебін берді.

Қаулы етеді

Ғылыми-әдістемелік кеңестің шешімімен 2020-2021 оқу жылының қорытындысы бойынша кафедра және Әдістемелік бірлестік жұмыстары қанағаттанарлық.

2020-2021 оқу жылының қорытындысы бойынша мұғалімнің өзін-өзі бағалау парағы алынып, лицей әкімшілігі мен комиссия мүшелерінің шешімдерімен мұғалімдер мынадай номинациялармен марапатталып, сыйлықтар берілді:

  • Бас жүлде «Жыл мұғалімі-2021» Мунасаева Рая Нуровна, І дәрежелі Диплом «Жыл мұғалімі-2021» Каумбаев Суннатулла Абдуғаниұлы, ІІ дәрежелі Диплом «Жыл мұғалімі-2021» Курманбаева Алия Акынкожаевна, Утегенова Айгул Альхаровна, ІІІ дәрежелі Диплом«Жыл мұғалімі-2021» Бахиева Калимагуль, Мықтыбек Таңірберген Бақытжанұлы, Шалқар Бекзат Қырқынбайұлы.
  • «Үздік сынып жетекші-2021» Лепесова Кенжегуль Дуйсеновна;
  • «Үздік кафедра жетекшісі-2021» Кулжан Шолпан Шоханқызы, УсеноваСандугаш Сабыровна марапатталды.