Алматы қаласы
Білім басқармасының
"Махатма Ганди атындағы
№92 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727)248-30-40
Есепші бөлімі:
+7(727) 248-46-55
Нашар көрушілер
нұсқасы
23
сентябрь
2021

Әдістемелік семинар

Қыркүйек айының 23-і күні лицейде әдістемелік семинар өтілді. Семинар барысында математика пәнінің мұғалімі Курманбаева Алия қазіргі сабаққа қойылатын негізгі талаптар және оқытудың негізгі принциптерімен таныстырды. 
Жалпы әдістемелік семинар барысында: 
🔹️2021-2022 оқу жылының басты міндеті көрсетілді.
🔹️Оқу процесін ұйымдастырудың 2021-2022 оқу жылындағы ерекшеліктері сараланды. 
🔹️Оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудың 2021-2022 оқу жылындағы ерекшеліктері талқыланды. 
🔹️2021-2022 оқу жылында білім алушылардың өткен оқу жылдарындағы біліміндегі олқылықтардың орнын толықтыру және жаңа оқу жылына арналған оқу бағдарламасындағы оқу мақсаттарының меңгерілуін қамтамасыз ету бойынша мақсатты жұмыс жоспарын дайындаудың реті көрсетілді. 
🔹️Үлгерімі төмен білім алушылармен жұмыс жасау алгоритмінің үлгісі ұсынылды. 
Сонымен қатар, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Лепесова Кенжегуль Дуйсеновна жаңадан келген жас мамандарға қысқа мерзімді жоспардың үлгісімен таныстырды.Қысқа мерзімді жоспардың оқу мақсаттары, бағалау критерийлері, кері байланыс қалай жасалу керектігі талданып айтылды. 
Әдістемелік семинар арқылы жас мамандар сабаққа қойылатын негізгі талаптар және оқытудың негізгі принциптерімен таныс болды. 
Ұйымдастырушы: Директордың ғылыми-әдістемелік жұмысы жөніндегі орынбасары
Слямова Нургуль Рахманкуловна