Алматы қаласы
Білім басқармасының
"Махатма Ганди атындағы
№92 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727)248-30-40
Есепші бөлімі:
+7(727) 248-46-55
Нашар көрушілер
нұсқасы
05
ноябрь
2021

Педагогикалық кеңес

Қараша айының 5-і күні М.Ганди атындағы #92 мамандандырылған лицейде “Оқушы біліміндегі олқылықтарды толықтыру- білім сапасын арттырудың кепілі“ атты тақырыпта педагогикалық кеңес өтті. Педагогикалық кеңес мынадай жоспарда өтті: 
    1. Өткен педкеңес қаулысының орындалу жағдайы.
    2. Оқушы біліміндегі олқылықтарды толықтыру- білім сапасын арттырудың кепілі.
2.1. Практикалық жұмыс: Оқушы біліміндегі олқылықтарды қалпына келтіру жолдары (коучинг – сессия) 
3. Білім алушылардың I тоқсандағы оқу үлгерімі, сапасы. Қозғалыс есебі (талдау)  
4. ҚР мемлекеттік Тіл туралы заңының орындалуы туралы.
5. 5-сынып оқушыларының жаңа білім беру жағдайларына бейімделуі.

Ең алдымен, 

Сонымен қатар, директордың оқу жұмысы жөніндегі орынбасары
Бауыржанқызы Динара 2021-2022 оқу жылының 1-тоқсанындағы  
үлгерім және білім сапасының мониторингісін 
- пән бойынша 
- сыныптар бойынша 
- параллель бойынша схемалық шкалалар негізінде талдап көрсетті. 
Көрсетілген жоспар бойынша жасалған жұмыстар талданып, таразыланып, мұғалімдер тарапынан бірқатар ұсыныстар да айтылды. Сонымен қатар, лицей мұғалімдеріне арналған “Оқушы біліміндегі олқылықтарды қалпына келтіру жолдары” атты коучинг-сессия өтті. Мұнда мұғалімдер берілген өлең жолдары негізінде 3 топқа бөлініп, оқушылар біліміндегі олқылықтарды қалпына келтіру жолдары туралы өзара пікірлесе отырып, өз ойларын ортаға салды. Оқушы біліміндегі олқылықтармен күрес жүргізуде мұғалімдер көптеген әдіс-тәсілдерді ұсынды және мұғалімдер өз практикасынан да мысалдар келтіре отырып, өз тәжірибелерімен бөлісті.