Алматы қаласы
Білім басқармасының
"Махатма Ганди атындағы
№92 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727)248-30-40
Есепші бөлімі:
+7(727) 248-46-55
Нашар көрушілер
нұсқасы
06
сентябрь
2021

Лицей ұстазы ҚР Ғылым және білім министрінен алғыс хат алды

Білім беру саласын дамытуға қосқан зор үлесі, өскелең ұрпаққа өнегелі тәрбие мен сапалы білім берудегі жоғары жетістіктері мен кәсіби шеберлігі үшін Махатма Ганди атындағы №92 мамандандырылған лицейінің директордың ғылыми-әдістемелік жұмысы жөніндегі орынбасары Слямова Нургуль Рахманкуловна Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі Асхат Қанатұлы Аймағамбетовтан АЛҒЫС ХАТ алды.

🔹️Слямова Нургуль Рахманкуловна –білімі жоғары,жоғарғы санатты математика пәнінің мұғалімі. Еңбек өтілі-25 жыл. Дарынды балалармен қажырлы еңбек ету нәтижесінде оқушылары түрлі халықаралық олимпиадаларға қатысып, жүлделі орындарға ие болды.
🔹️Нургуль Рахманкуловна әрдайым жас мамандарға әдістемелік көмек көрсете отырып, педагогикалық еңбек жолында шыңдалуына үлес қосуда. Сонымен қатар, үнемі өз білімін жетілдіріп, педагогикалық шеберлігін шыңдап, озық педагогикалық технологияларды өз тәжірибесінде тиімді пайдаланып келеді.

🔹️Еңбек жолына толағай табыстар мен жетістіктер тілейміз!!!