Алматы қаласы
Білім басқармасының
"Махатма Ганди атындағы
№92 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727)248-30-40
Есепші бөлімі:
+7(727) 248-46-55
Нашар көрушілер
нұсқасы
14
май
2021

Үйірме жұмыстары: Астрономия

Лицейіміздегі Астрономия үйірмесінде кезекті 2 сағаттық сабағы өтті. Үйірме жүргізуші физика пәнінің оқытушысы Қанафина Жаңагүл.
Тақырып- ‘Mарсоходтар”. Сабақтың мақсаты қызыл  планетаны зерттеген аппараттармен, атқарған жұмыстарымен таныса отырып, планета жайлы білімімізді молайту. 
Тақырыпқа көшпес бұрын балалар әдеттегідей әлемде болып жатқан космос жаңалықтарымен танысты. Оның ішінде ең соңғы жаңалық Perseverance марсоходынан ұшқан  ingenuity тікұшағының үшінші және төртінші ұшуларының бейнежазбаларын қарады. Осы жолы тікұшақ рекорд жасап 5 метрге дейін көтерілген екен.
 Келесі кезекте оқушылар 17.04.2021 күні  Халықаралық Ғарыштық Станциядан (МКС) оралған “Союз МС-17” Ресей және НАСА астронавтарының Жерге қону сәтін тамашалады.
Марсоходтар жайлы орыс астрономы Владимир Сурдиннің тікелей эфирде жүргізген сабағы бойынша рет ретімен барлық марсқа жіберілген аппараттарды тізіп, салыстыра отырып, жұмыс нәтижелерімен танысып зерттеп шықтық. Марстағы тіршіліктің болу болмауы, игеруге атсалысқан ұлы державалар, Илон Масктың жоспары, Марстың бет-бедері, атмосферасы, рельефі, әлі зерттеуге ұшып бара жатқан аппараттар жайлы мәліметтер оқұшыларды қатты қызықтырды. Өз білгендерін айтып ой бөлісіп отырды.
Стеллариум бағдарламасымен кезекті жұмыста мұғалім телескоп арқылы алыстағы космос денелерін жақындатып көруді үйретті.
Сабақ соңында әдеттегідей жаңа тақырыпты қорытындылау мақсатында Kahoot платформасында қазақ және ағылшын тілдерінде ойындар ойналып, апта жеңімпаздары болып  5 сынып оқушылары Аяулым Ислам және Иземжанов Арнұр аталды.