Алматы қаласы
Білім басқармасының
"Махатма Ганди атындағы
№92 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727)248-30-40
Есепші бөлімі:
+7(727) 248-46-55
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Физика әдістемелік бірлестігінің 2020-2021 оқу жылының жылдық жоспарына сәйкес 2021 жылдың 12.04 -22.04. 2021ж. уақыты аралығында өткізілген онкүндігінің есебі
23
апрель
2021

Физика әдістемелік бірлестігінің 2020-2021 оқу жылының жылдық жоспарына сәйкес 2021 жылдың 12.04 -22.04. 2021ж. уақыты аралығында өткізілген онкүндігінің есебі

Онкүндіктің жоспары

Атқарылатын іс-шаралар

Мерзімі

Сынып

Жауапты

1

Он күндіктің ашылуы

12.04.2021 ж.

09:00

5-11

Бірлестік мұғалімдері

2

«Байқоңыр» ғарыш айлағы

12.04.2021 ж.

13:00-14:00

5-10

Рсалиева А.

3

Ашық сабақ «Ампер күші, сол қол ережесі»

13.04.2021 ж.

08:50-09:30

10 «Б»

Рсалиева А.

4

Ашық сабақ «Жарықтың сынуы, жарықтың сыну заңы»

14.04.2021 ж.

08:00-08:40

8 «В»

Қожабай А.

5

Ашық сабақ «Энергияның сақталу және айналу заңы»

14.04.2021 ж.

10:40-11:20

7 «Ә»

Саду Ж.

6

Ашық сабақ «Жарықтың сынуы, жарықтың сыну заңы»

15.04.2021 ж.

11:30-12:10

8 «А»

Қанафина Ж.

7

«Миллион кімге бұйырады?» интеллектуалды ойыны

16.04.2021 ж

12:20-13:20

10-сыныптар

Саду Ж.

8

«Ойыншық машиналар сайысы»  сыныптан тыс іс-шара

16.04.2021 ж

14:55-15:35

5-сыныптар

Карсыбаев Б.

9

«Қазақстанның физик ғалымдары» сыныптан тыс іс-шара

17.04.2021 ж.

12:00-13:00

7-сыныптар

Карсыбаев Б.

10

«Тәжірибелік физика» сыныптан тыс іс-шара

17.04.2021 ж.

13:00-14:00

7-сыныптар

Қанафина Ж.

11

 «Білгірлер сайысы» интеллектуалды ойыны

19.04.2021 ж.

12:20-13:20

7-сыныптар

Саду Ж.

12

Ғылыми жобалар сайысы

20.04.2021 ж.

13:00-14:00

5-11 сыныптар

Қанафина Ж., 

Бірлестік мұғалімдері

13

«92 лицей көшбасшысы» интеллектуалды ойыны

20.04.2021 ж.

14:30-15:30

8-сыныптар

Қожабай А.

14

Ғарыш және экология

(дебат)

21.04.2021 ж.

13:00-14:00

10-сыныптар

Рсалиева А.

15

Ашық сабақ «Толық іштей шағылу»

22.04.2021 ж

11:30 – 12:10

8 «А»

Карсыбаев Б.

16

Физика сабағында халықтық этнопедагогика элементтерін қолдану

22.04.2021 ж.

5-11 сыныптар

Мухатаева С.


Физика әдістемелік  бірлестігінің онкүндігінің есебі


14.04.2021 күні Физика бірлестігінің он күндігі аясында физика пәнінің мұғалімі Саду Жазира Даулетқызы 7 «Ә» сыныбына “Энергияның сақталуы және айналуы” тақырыбында онлайн ашық сабақ өткізді. 

Оқу мақсаты: энергияның түрленуіне мысалдар келтіру, механикалық энергияның сақталу заңын есептер шығаруда қолдану.

Ең алдымен, мұғалім оқушыларды бағалау критерийлерімен таныстырды. Алдыңғы сабақты тексеру мақсатында https://learningapps.org/display?v=poi2bpb5a21 сайтымен оқушылардың білімін тексеріп, өткен тақырыптарды қайталады. 

                                                    

Жаңа сабақты мұғалім алдын-ала дайындалған презентация қолданып видео көрсетіп, «Microsoft Whiteboard»   тақтасында оқушылармен бірге видеодағы мәліметтерді талдап,  жаза отырып түсіндірді. 

                                  

Жаңа сабақты ары қарай меңгерту мақсатында оқушыларға Венн диаграммасын толтыру жүргізілді. Ол жерде оқушылар екі физикалық шаманы өзара салыстыра отырып айырмашылықтары мен ұқсастықтарын жазады, сәйкесінше физикалық шамаларды терең түсінеді.

Зерттеу бөлімінде тақырыпқа байланысты есептер шығарылды. Мұғалім үлгі ретінде есептің шығарылу жолын электронды тақтада көрсетті, сонымен қатар оушылардың шығарылған есептерін онлайн түрде тексеріп, қатесін түзетіп отырды.

Сабақты бекіту мақстаында оқушылардан сұрақ жауап алынды. Ол https://quizizz.com сайтын арқылы орындалды. Ол жерде оқушылар тақрыпты меңгергеніңне қарай, сөйлемді толықтырып жазды. 

Сабақ соңында жасалған https://quizizz.com рефлексиясы арқылы оқушылар сабаққа қатысты ойларын қорытындылады, сауалнаманы толтырып шықты. 

Оқушыларды онлайн жағдайында жеке жұмыс жасауы, жаңа сабақты оқушылармен бірлесіп талқылауы өте тиімді болды. Әр тапсырмаға дескриптор нақты берілді. Мұғалім өзінің сабақта көздеген мақсатына толығымен жетті. Ашық сабаққа 8 мұғалім қатысты.


14.04.2021 күні Физика бірлестігінің он күндігі аясында физика пәнінің мұғалімі Қожабай Абай Мырзабекұлы 8 «В» сыныбына Жарық құбылыстары. «Жарықтың сынуы, жарықтың сыну заңы» тақырыбында онлайн ашық сабақ өткізді. 

Оқу мақсаты: жарықтың сыну заңдылығын білу, абсолют және салыстырмалы сыну көрсеткіштерін анықтау, жарықтың сыну заңдылығына есептер шығару.

Ең алдымен, мұғалім оқушыларды бағалау критерийлерімен таныстырып, үйге берілген тапсырманы «сәйкестендіру» тапсырмалары арқылы оқушылармен талқылады. Жаңа сабақты мұғалім өмірмен байланыстыра отырып, тәжірибе көрсетіп, «Microsoft Teams»  тақтасында оқушылармен бірге тәжірибедегі орын алған құбылысты талдады. 

                                     

Жаңа сабақты қорытындылау Блум таксономиясының деңгейлерін сақтай отырып жүргізілді. Зерттеу бөлімінде мұғалім оқушыларға күнделікті өмірде қолданылатын заттармен байланысты тапсырма беру ұтымды болды. Жеке жұмыс тақырыпқа байланысты фотолар көрсетіліп, бұл фотодағы реакцияны түсінген түсінбегенін білу мақсатында тапсырмалар орындады. Зерттеу бөлімін жалпылаумен байланыстыра алды. Сабақ соңында жасалған «Смайлик» рефлексиясы арқылы оқушылар сабаққа қатысты ойларын қорытындылады. 

                               
Оқушыларды онлайн жағдайында жеке жұмыс жасауы, жаңа сабақты оқушылармен бірлесіп талқылауы өте тиімді болды. Әр
тапсырмаға дескриптор нақты берілді. Мұғалім өзінің сабақта көздеген мақсатына толығымен жетті. Ашық сабаққа 9 мұғалім қатысты.


16.04.2021 жылы  Физика бірлестігінің он күндігі аясында физика пәнінің мұғалімі Қарсыбаев Бексұлтанның ұйымдастыруымен «Ойыншық машналар сайыс» атты сыныптан тыс іс-шара өткізілді. Іс-шараның мақсаты оқушылардың физика пәніне деген қызығушылықтарын арттыру, пайдалы еңбекке баулу және ойыншық машинаны жасау кезіндегі және ол қозғалғандағы физикалық құбылыстарға сипаттама беру болып табылады. Оқушылар машинаны қалай жасағанын және ол жайлы қысқаша сипаттама берді. 

                                      

17.04.2021 жылы 7-сыныптар арасында «Қазақстанның физик ғалымдары» тақырыбында сыныптан тыс іс-шара өткізілді. Іс-шараның мақсаты отандық физик ғалымдардың атын таныту. Оқушыларда өз отанына деген сүйіспеншілікті арттыру болып табылады. Іс-шара барысында оқушлар өздері жинақтаған мәліметтер бойынша физика ғалымдардың өмірбаяны, жасаған еңбектері жайлы кеңінен тоқталып өтті.

19.04.2021 күні Физика бірлестігінің он күндігі аясында физика пәнінің мұғалімі Саду Жазираның ұйымдастыруымен 7-сыныптар арасында «Білгірлер» атты онлайн интеллектуалды сайысы өткізілді.

Мақсаты: 7-сынып оқушыларының физика пәнінен білім деңгейін анықтау және оларды ізденуге, жылдам ойлануға, тапқырлыққа үйрету. Сонымен қатар физика пәніне деген қызығушылығын арттыру.

                                   

Сайыс арнайы https://quizizz.com викториналық сайтында болды. Оқушыларға 30 сұрақ берілді. Сұрақтар 7-сыныпта өткен тақырыптар бойынша, сонымен қатар физикадан логикалық сұрақтар болды. Оқушыларға тапсырманың шарты түсіндіріліп, 30 минут уақыт берілді. 

                                       ......    

Сайыс барысында оқушылардың жұмыс жасау процессі бақыланып отырды. Сайыс соңында оқушылардың жұмыстарының нәтижесі арнайы сайтта көрініп тұрды. 

                                           


Білгірлер сайысы өте тартысты әрі қызықты өтті. Сайыстың соңында ең көп сұраққа дұрыс жауап берген алдыңғы 2 оқушы марапатталды. 


20.04.2021 күні Физика бірлестігінің он күндігі аясында физика пәнінің мұғалімдерінің ұйымдастыруымен 8 «Ә, Б, В» сыныптар арасында «XXI ғасыр көшбасшысы» атты онлайн интеллектуалды жарыс өткізілді. 

Мақсаты: 8-сынып оқушыларының физика және жаратылыстану пәндеріне білім деңгейін анықтау және оларды ізденуге, жылдам ойлануға, тапқырлыққа үйрету. Сонымен қатар физика пәніне деген қызығушылығын арттыру.

Ең алдымен, мұғалім оқушыларды жарыс ережесімен таныстырды. Жарысқа 5 топ қатысты. 1 топта  2 оқушыдан   болды. Жарыс 3 бөлімнен тұрды. 

  1. I сайыс: Кім жылдам 
  2. II сайыс: Логика патшасы
  3. III сайыс: Тәжірибелер
  4. «Кім жылдам» сайысында оқушылар 10 сұраққа 5 секунд ішінде жылдам әрі нақты жауап берді. 

                                

«Логика патшасы» сайысында оқушыларға екі ұқсас жағдайды суретте бейнелеп, оқушылардың логикасын, есепті шығаруын жылдамдығын байқадым. 


«Тәжірибелер»  сайысында оқушылар жыл бойында алған білімдерін суреттегі тәжірибелерге қарай отырып, «кімнің тәжірибесі» және ол бізге «адамзатқа қандай пайдасын тигізді» деген сұрақтарға тапқырлықпен жауап бере алды.

  Мектептің үздік физик оқушылары қатысқан сайыс өте тартысты әрі қызықты өтті.  Соңында жеңімпаздар анықталып, димломмен марапатталды.


22.04.2021 жылы 8 «А» сыныбында «Толық іштей шағылу» тақырыбында ашық сабақ өткізілді.

Сабақтың мақсаты оқушыларға толық іштей шағылу құбылысын тәжірибе арқылы түсіндіу, оның қолданылуы жайлы ақпарат беру және сабақты бекіту үшін есептер шығару болып табылады. Сабақ ағылшын тілінің элементтерімен аралас жүргізілді.

            Сабақта АКТ және Блум таксономиясы әдістері қолданылды. Сабақтың тапсырмалары ағылшын тілінде берілді. 

22.04.2021 жылы 11-сыныптар арасында «Физика сабағында халықтық этнопедагогика элементтерін қолдану» тақырыбында сыныптан тыс іс-шара өткізілді.

Іс-шараның мақсаты оқушыларды ұлттық құндылықтарға баулу. Қазақ қоғамындағы, салт-дәстүрлерді ұстанудағы біз ескере бермейтін физикалық құбыластар жайлы ақпарат берілді.

Сонымен қатар тарихи ескерткіштерді салу кезіндегі физика заңдылықтарының қалай сақталғандығы және әлі күнге дейін ашылмай келген құпиялары жайлы мәліметтер берілді.

Яссауи кесенесін салу кезінде қатты денелердегі қысым тақырыбымен байланыстырылды.

Қазақтың халық музыкалық аспаптарын жасау кезінде «Тербелістер мен толқындар» тарауын түсіндіруге болады.

Найза мен садақты жасау кезінде қатты денелердегі қысым; серпімділік күші, Гук заңының заңдылықтары жайлы айтылды.

Тайқазанды жасауда металлдардың балқу температурасына назар аударылғандығын атап өтті.

Әр түрлі әшекей бұйымдардың адам ағзасына әсері, олардың диффузия құбылысы нәтижесінде адам ағзасымен байланысқа түсетіндігін баяндады. 

Киіз үй мен ұлттық киімдерді жасаған кезде жылу құбылыстарның қасиеттері ескерілгендігі және олардың әлі күнге дейін маңызын жоймағандығы аталып өтілді.