Алматы қаласы
Білім басқармасының
"Махатма Ганди атындағы
№92 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727)248-30-40
Есепші бөлімі:
+7(727) 248-46-55
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Қысқаша көбейту формулаларының көмегімен өрнектерді түрлендіру»
22
февраль
2021

«Қысқаша көбейту формулаларының көмегімен өрнектерді түрлендіру»

20.02.2021 күні математика- информатика жаратылыстану бірлестігінің онкүндігіне орай   математика пәнінің мұғалімі Матаева Карлыгаш Омирбековнаның   7 «Ә» сыныбына «Қысқаша көбейту формулаларының көмегімен өрнектерді түрлендіру» тақырыбында өткен онлайн ашық сабағы.

Оқу мақсаты: тиімді есептеу үшін қысқаша көбейту формулаларын қолдану және алгебралық  өрнектерді қысқаша көбейту формулалары арқылы көбейткіштерге жіктеу;

Сабақ мақсаттары: 

  • Өрнектің мәнін тиімді есептеу үшін қысқаша көбейту формулаларын қолдана алады;
  • Қысқаша көбейту формулаларының көмегімен көбейтіндіні көпмүшеге келтіреді;
  • Көпмүшені көбейткіштерге жіктеуде қысқаша көбейту формулаларын қолданады;

Ұйымдастыру

Сабақтың басында оқушыларды түгенделіп, сабаққа назарлары аударылды. Сабақтың тақырыбы, мақсаты, бағалау критерийлері айтылды. Үй тапсырмасы тексерілді. Үй жұмысында кеткен кемшіліктер талқыланды. 

Сабақтың келесі кезеңдерінде қолданылатын бағалау парағы, тапсырмалардың дескрипторларымен қоса таратылды.


 

Танысу


Өткен материалды қайталау мақсатында «Жалғасын тап» деген тапсырма ауызша орындалды. Оқушылар қысқаша көбейту формулаларының жалғасын кезектесе айтып, өткен тақырыпты жетік меңгергендерін көрсетті.



Сәйкестендіру/Салғастыру



Оқушылар көпмүше мен көбейтіндіні салыстыра отырып, олардың арасындағы сәйкестікті анықтады және жасырылған сөзді тапты. Нәтижесінде оқушылар өз сөздік қорларын жаңа сөзбен толықтырды. Жаңа сөздің мағынасын мұғалім түсіндірді. Жасырылған сөз көптеген салаларда қолданылатын шартты белгілерді зерттеумен айналысатын ғылым «семиотика» еді.

         

                  

Зерттеу


Сабақтың бұл бөлімінде деңгейлік тапсырмалар орындалды. Оқушылар тапсырманы орындаған соң шешулерін түсіндірді, мұғалім тақтада жазды.



Жалпылау

Бұл кезеңде оқушылар топпен мәтінді есеп шығарды. Есеп өтіліп отырған тақырыпқа сай тиімді тәсілмен шығарылды. Есептің шешімі тақтада көрсетіліп, оқушы өз жауабын түсіндіріп берді. 

Сосын оқушылар тимста тест тапсырмаларын жазды. Оқушылар тақырыпты жетік меңгергендіктерін көрсете білді.

Сабақ соңында оқушылардың бағалау парағындағы өзін-өзі бағалаулары арнайы кестеге қойылды.

Сабақ барысында оқушылар  барлық тапсырмаларды өз деңгейінде орындап, білімдерін көрсете алды. Оқушылар есептер шығарудың тиімді тәсілдерін ұтымды пайдаланып, уақытты ұтқыр пайдаланды. Сабақ соңында оқушылар өздерінің бүгінгі сабақтарына рефлексия жасап, мұғалімге кері байланыс берді. Мұғалім оқушыларға рақметін айтып, сәттілік тіледі және алдағы уақытта қосымша формулалар мен қызықты есептер беретінін айтты.