Алматы қаласы
Білім басқармасының
"Махатма Ганди атындағы
№92 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727)248-30-40
Есепші бөлімі:
+7(727) 248-46-55
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Интеграциялық сабақ: ''Біржан салдың Абай ауылына қонаққа келуі''
15
февраль
2024

Интеграциялық сабақ: ''Біржан салдың Абай ауылына қонаққа келуі''

15 ақпан 2024 жылы қоғамдық-гуманитарлық пәндер мұғалімдері кафедрасының  онкүндігі аясында 11 «Г» сыныбында Қазақстан тарихы мен қазақ әдебиеті пәндерінен «Жайлауда» тарауындағы Біржан салдың Абай ауылына қонаққа келуі» тақырыбында интеграциялық сабақ өткізілді. 
🔰Сабақтың оқу мақсаттары:
-көркем шығармадағы кейіпкерлер жүйесін жинақтау мен даралау арқылы өмір шындығын көрсету;
-шығармадағы авторлық идеяның өмір шындығымен байланысын анықтау.
Интеграциялық сабақта оқушылар оқу мақсаттары негізінде үш тапсырма орындады:
1)ХІХ ғасырдағы тарихи-әлеуметтік жағдайға шолу жасау арқылы өмір шындығын анықтады. Топтық жұмыста «SWOT талдау» әдісімен Абай дәуірінің күшті және әлсіз тұстарын, қауіптері мен мүмкіндіктерін, жағымды және жағымсыз жақтарын талдап көрсетті.
2)Топтық жұмыста «Постер», «Семантикалық карта», «Хикаят картасы» әдістерімен «Абай жолы» романының «Жайлауда» тарауындағы авторлық идея мен өмір шындығының байланысын талдады.
3)Жұптық жұмыс арқылы «Жайлауда» бөліміндегі кейіпкерлердің бейнесін жинақтап, даралап жазды. 
Пән мұғалімдері: Усенова С.С., Мунасаева Р.Н.