Алматы қаласы
Білім басқармасының
"Махатма Ганди атындағы
№92 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727)248-30-40
Есепші бөлімі:
+7(727) 248-46-55
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Ашық сабақ: “Шұғаның белгісі” повесіндегі Әбдірахман бейнесі
08
февраль
2023

Ашық сабақ: “Шұғаның белгісі” повесіндегі Әбдірахман бейнесі

М. Ганди атындағы № 92 мамандандырылған  лицейінде 2023 жылдың 8 ақпан күні қоғамдық- гуманитарлық пәндері мұғалімдерінің кафедрасы онкүндігі шеңберінде педагог- зерттеуші, қазақ тілі мен әдеебиеті пәнінің мұғалімі А.А. Жолдасова 9”в” сыныбына: Б. Майлиннің “Шұғаның белгісі” повесіндегі Әбдірахман бейнесі тақырыбында ашық сабақ өткізді. 
🔹Сабақтың нәтижеге бағытталған оқу мақсаттары: 
9.1.4.1 көркем шығармалардан алған үзінділерді шығармашылық жұмыстарда қолдану; 
9.3.4.1 әдеби шығарманы қазақ әдебиеті мен әлем әдебиеті үлгілерімен салыстыра талдау. 

Ең алдымен оқушыларды түрлі түсті фигугалардың көмегімен топқа бөліп,  жеке, жұптық, топтық тапсырмалар орындады. Жаңа материалды меңгерту барысында , “Веер”әдісі, “Әдебиет лотосы”,”Сатылай- кешенді талдау”, “Жағдаяттық сұрақтар”, "Мағынаны таны", "Т- кестесі" әдістерін тиімді пайдалана білді.