Алматы қаласы
Білім басқармасының
"Махатма Ганди атындағы
№92 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727)248-30-40
Есепші бөлімі:
+7(727) 248-46-55
Нашар көрушілер
нұсқасы
06
февраль
2024

Білімпаздар сайысы: «Абайдың жолы – қазақтың жолы»

Бүгін, 6 ақпан 2024 жылы, қоғамдық-гуманитарлық пәндер мұғалімдері бірлестігінің онкүндігі аясында Қазақстан тарихы мен қазақ әдебиеті пәндерін интеграциялау аясында 11-сыныптардың оқушылары арасында «Ұлылар ұлағаты – ұрпақ ұстанымы» айдарымен «Абайдың жолы – қазақтың жолы» тақырыбында білімпаздар сайысы өтті. Оқушылар  3 кезең бойынша сайысқа түсті:
1)    «Абайдың дәуірі» айдарымен өтілген кезеңде оқушылар ұлытымыздың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлының  өмірі мен шығармашылығына қатысты сұрақтарға жауап берді;2)    «Ұлылар ұлағаты – ұрпақ ұстанымы» бөлімінде  М.Әуезовтің «Абай жолы» роман-эпопеясының бірінші кітабының тарауларын талдап, ақын бейнесін бүгінгі қоғаммен салыстырып, жинақтады;3)    «Асыл сөзді іздесең, Абайды оқы, таңырқа!» айдарымен берілген кезеңде Абай Құнанбайұлының әлеуметтік лирикасын бүгінгі заманмен салыстыра отырып талдады. 🔰Сайыс қорытындысы бойынша қазылар алқасының шешімімен 11 «Г» сыныбы 1-орын, 11 «А» және 11 «Б» сыныптары 2-орын, 11 «В» сыныбы 3-орын алды. 
«Оқуға құштар мектеп» жобасы аясындағы тағылымы мол іс-шараға лицей әкімшілігі мен мұғалімдері, қала мектептерінің педагогтері мен лицей түлектері қатысып, өздерінің жоғары бағасын берді. Лицей қонақтары мектеп оқушыларының білімі мен жан-жақтылығына, көлемді шығармаларды оқудағы табыстарына тәнті болды.Білімпаздар сайысын өткізген мұғалімдер: қазақ тілі мен әдебиетін пәнінің мұғалімі, педагог-шебер Р.Н.Мунасаева мен тарих пәнінің мұғалімі, педагог-зерттеуші С.С.Усенова.