Алматы қаласы
Білім басқармасының
"Махатма Ганди атындағы
№92 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727)248-30-40
Есепші бөлімі:
+7(727) 248-46-55
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Ғылыми-жаратылыстану» әдістемелік бірлестігінің онкүндігінің есебі
04
февраль
2021

«Ғылыми-жаратылыстану» әдістемелік бірлестігінің онкүндігінің есебі

Ғылыми-жаратылыстану әдістемелік бірлестігінің онкүндігі 25.01.2021-03.02.2021 күндері аралығында өткізілді. Онкүндік аясында 15 онлайн ашық сабақ және 11 онлайн сыныптан тыс түрлі іс-шаралар жүргізілді.

27.01.2021 күні Ғылыми-жаратылыстану бірлестігінің он күндігі аясында химия пәнінің мұғалімі Каумбаев Суннатулла Абдуғаниұлы 7 «В» сыныбына Сұйылтылған қышқылдардың металдармен қышқылымен әрекеттесуі. 9 зертханалық тәжірибе “ Мырыштың сұйытылған  тұз әрекеттесуі”, 10 зертханалық тәжірибе “ Сутекке сапалық реакция” тақырыбында онлайн ашық сабақ өткізді. 

Оқу мақсаты: сұйылтылған қышқылдардың қолдану аяларын және олармен жұмыс жасау ережелерін атау, сұйылтылған қышқылдардың әртүрлі металдармен реакцияларын зерттеу және сутек газының сапалық реакциясын жүзеге асыру

Ең алдымен, мұғалім оқушыларды бағалау критерийлерімен таныстырды. Жаңа сабақты мұғалім «bilimland.kz» сайтын қолданып видео көрсетіп, «Microsoft Whiteboard»  тақтасында оқушылармен бірге видеодағы мәліметтерді талдап,  жаза отырып түсіндірді. 

                                            


Жаңа сабақты қорытындылау Блум таксономиясының деңгейлерін сақтай отырып жүргізілді. Зерттеу бөлімінде мұғалім оқушыларға күнделікті өмірде қолданылатын заттармен байланысты тапсырма беру ұтымды болды. Жеке жұмыс тақырыпқа байланысты видео көрсетіліп, бұл видеодағы реакцияны тсінген түсінбегенін білу мақсатында тапсырмалар орындады.. Зерттеу бөлімін жалпылаумен байланыстыра алды. Сабақ соңында жасалған «Смайлик» рефлексиясы арқылы оқушылар сабаққа қатысты ойларын қорытындылады. 

Оқушыларды онлайн жағдайында жеке жұмыс жасауы, жаңа сабақты оқушылармен бірлесіп талқылауы өте тиімді болды. Әр тапсырмаға дескриптор нақты берілді. Мұғалім өзінің сабақта көздеген мақсатына толығымен жетті. Ашық сабаққа 15 мұғалім қатысты.


27.01.2021 күні Ғылыми-жаратылыстану бірлестігінің он күндігі аясында жаратылыстану пәнінің мұғалімі Акжигитова Айдана Медалхановна 5«Б» сыныбына «Тірі ағзалардың қасиеттері» тақырыбында онлайн ашық сабақ өткізді. 

Оқу мақсаты: тірі ағзалардың ортақ қасиеттерін сипаттау


Ең алдымен, мұғалім оқушылардан өткен сабақты еске түсіру мақсатында «Кім шапшаң» әдісін қолданда отырып, экранға сұрақтар шығарды. Оқушылар сұрақтардың барлығына дұрыс жауап берді. Жаңа сабақты мұғалім «bilimland.kz» сайтын қолданып видео көрсетті, және презентациямен тірі ағзалардың негізгі қасиеттерін түсіндірді. Жаңа сабақты игеру мақсатында оқушыларға өзіндік жұмыстар берілді. Зерттеу жұмысы ретінде оқушылар берілген мәтінді оқып, соған тән қасиетті анықтады. Оқушылар зерттеу бөлімін жалпылаумен байланыстыра алды. Жаңа сабақты қорытындылау мақсатында мұғалім «Метатаным педагогикасының» таным деңгейлерін сақтай отырып «Метасызба» ұсынды, сабақты метасызба арқылы қорытындылады.

Оқушылардың онлайн жағдайында жеке жұмыс жасауы, және жаңа сабақты мұғалімнің оқушылармен бірлесіп талқылауы өте тиімді болды. Мұғалім өзінің сабақта көздеген мақсатына толығымен жетті. Ашық сабаққа 8 мұғалім қатысты.

                                      



27.01.2021 күні Ғылыми-жаратылыстану бірлестігінің он күндігі аясында жаратылыстану пәнінің мұғалімі Абылқасым Мөлдір Бақбергенқызы 6 «Г» сыныбына «Тамақтану рационы» тақырыбында онлайн ашық сабақ өткізді. 

Оқу мақсаты: толыққанды тамақтану рационын құру.

Сабақ басында ең алдымен, мұғалім оқушыларды бағалау критерийлерімен таныстырды.  Үй тапсырмасы «Биологиялық диктант» әдісі арқылы тексеріліп бағаланды.   Жаңа сабақты мұғалім «bilimland.kz» сайтын қолданып «Дұрыс тамақтану» туралы видео көрсетіп, оқушылармен бірге видеодағы мәліметтерді талдап, түсіндірді. Жаңа сабақты қорытындылау Блум таксономиясының деңгейлерін сақтай отырып жүргізілді. Зерттеу бөлімінде мұғалім оқушылардың күнделікті тамақтану режимін «Ойлан да, тап!» әдісі арқылы меңгергенін қадағалады. Зерттеу бөлімін жалпылаумен байланыстыра алды. Сабақ соңында жасалған «Смайлик» рефлексиясы арқылы оқушылар сабаққа қатысты ойларын қорытындылады.

Оқушылар сабаққа белсенді қатысты, сұрақтарға жауап беру, берілген тапсырмаларды орындау арқылы кері байланыс орнатты. Мұғалім өзінің сабақта көздеген мақсатына толығымен жетті. Ашық сабаққа 6 мұғалім қатысты.


27.01.2021 ж күні Ғылыми-жаратылыстану бірлестігінің он күндігі аясында Биология пәні мұғалімі Мықтыбек Баймұратов Әлібек Қыдырхожаұлы 11 «Б» сыныбына ««ҰБТ-да 100% нәтижеге қалай жетуге болады?!» тақырыбында онлайн қосымша шара сабағын өткіздім. 

Оқу мақсаты: Іздемпаздардың ҰБТдан кездесетін кез келген сұрақтарға оңай, әрі дұрыс жауап беруге болатындығын түсіндіру. Қиын сауалдар келген сәтте дұрыс жауаптарды табу тәсілдерін үйрету. «Жалпы барлық сынақтан сүрінбей өту үшін нені алдымен білген жөн?» деген сұраққа жауап беру.

Қосымша сабақ барысында оқушылар ҰБТ, опәндік олимпиада, емтиханға қалай дайындалу керектігі туралы толық мәлімет алды. Жалпы мәліметтер күнделікті өмірмен байланыстырылып, қарапайым тілде түсіндірілді. Кітаптағы қиын тілмен жазылған кез келген информацияны оңай, әрі қарапайым тілмен түсіндіре білсеңіз, баланың сізбен жұмыс жасап, айтқаныңызды екі етпейтіндігі сөзсіз. Бастысы, сенім білдіріп келген оқушы жетістігі мен нәтижесі көп уақыт алмай ақ бірден көтеріледі. Осы әдісті қолдана отырып, оқушылар мен ұстаздар өзінің практикасында кез келген салады қолдануға болатындығын түсінді. Әдістің негізгі бағыттары «ТҮСІНУ, ҚАЙТАЛАУ, ТҮСІНДІРУ» бөліктерінен тұрады. Осы үш әдісті жақсы меңгеріп, өз өмірінде қолдануға болатындығын үйренді. 

Оқушылар мен қатысушы мамандардың барлығы өз саласында осы әдісті қолданып, жоғары жетістікке жететіндігін айтып өтті.  Ашық сабаққа 10 мұғалім қатысты.


28.01.2021 күні Ғылыми-жаратылыстану бірлестігінің он күндігі аясында химия пәнінің мұғалімі Зиябек Карлыга Мұратқызы 8 «Ә» сыныбына «Металдар және бейметалдар» тақырыбында онлайн ашық сабақ өткізді. 

 Оқу мақсаты: химиялық элементтің периодтық кестеде орналасуына сай қасиеттерін болжау.

Ең алдымен, мұғалім оқушыларды бағалау критерийлерімен таныстырды.  Үй тапсырмасы «https://quizizz.com» сайты арқылы тест сұрақтарымен тексерілді, экранға барлық оқушының үлгерім көрсеткіштері көрсетілді.   Жаңа сабақты мұғалім «bilimland.kz» сайтын қолданып видео көрсетіп, «Microsoft Whiteboard»  тақтасында оқушылармен бірге видеодағы мәліметтерді талдап,  жаза отырып түсіндірді. Жаңа сабақты қорытындылау «Метатаным педагогикасының» таным деңгейлерін сақтай отырып жүргізілді. Зерттеу бөлімінде мұғалім оқушыларды топқа бөлуі ұтымды болды. Топтық жұмыс тақырыпқа байланысты видео көрсетіліп, бұл видеодағы реакцияны түсіндіру мақсатында оқушылар топтарда бірлесіп «Метасызба» сызды. Зерттеу бөлімін жалпылаумен байланыстыра алды. Сабақ соңында жасалған «Синквейн» рефлексиясы арқылы оқушылар сабаққа қатысты ойларын қорытындылады. 

Оқушыларды онлайн жағдайында топқа бөлуі, жаңа сабақты оқушылармен бірлесіп талқылауы өте тиімді болды. Әр тапсырмаға дескриптор нақты берілді. Мұғалім өзінің сабақта көздеген мақсатына толығымен жетті. Ашық сабаққа 10 мұғалім қатысты.


28.01.2021 күні Ғылыми-жаратылыстану бірлестігінің он күндігі аясында биология пәні мұғалімі Сәтжан Сания Сәбитқызы 8 «Ә» сыныбына «Адам қаңқасының құрылысы. Тірек – қимыл жүйесінің маңызы мен қызметі» тақырыбында онлайн ашық сабақ өткізді. 

Оқу мақсаты: 8.1.6.1 тірек – қимыл жүйесінің қызметтерін сипаттау.

Ең алдымен, мұғалім оқушыларды бағалау критерийлерімен таныстырды.  Үй тапсырмасы «Миға шабуыл» әдісі арқылы өткен тақырыппен жаңа сабақты   байланыстыру мақсатында ой қозғау сұрақтарын ұжымдық талқылау болды. Оқушыларға жалпылама сұрақтар беріледі.   Жаңа сабақты мұғалім «bilimland.kz» сайтын қолданып, «Түртіп алу» стратегиясы  арқылы жаңа тақырып туралы түсінік қалыптастыру мақсатында бейнебаян көрсетіп, видеодағы мәліметтерді талдап,  жаза отырып түсіндірді. Жаңа сабақты қорытындылау «Метатаным педагогикасының» таным деңгейлерін сақтай отырып жүргізілді. Зерттеу бөлімінде мұғалім оқушыларға жалпылама суреттер берілді. Оқушылар ситуациялық жағдайды талқыла» отырып, өз оймен бөліседі.

Сабақ соңында жасалған «Еркін микрофон» әдісі арқылы мұғалім сабақты қорытындылау мақсатында оқушылардың сабаққа деген көзқарасын, рефлексиясын тыңдап,  оқушылар сабаққа қатысты ойларын қорытындылады. 

Оқушыларды онлайн жағдайында топқа бөлуі, жаңа сабақты оқушылармен бірлесіп талқылауы өте тиімді болды. Әр тапсырмаға дескриптор нақты берілді. Мұғалім өзінің сабақта көздеген мақсатына толығымен жетті. Ашық сабаққа 7 мұғалім қатысты.


29.01.2021 күні Ғылыми-жаратылыстану бірлестігінің он күндігі аясында география пәнінің мұғалімі Түменбаев Мадидың ұйымдастыруымен 11-сыныптар арасында «Үздік географтар» атты онлайн интеллектуалды сайысы өткізілді.

Мақсаты: 11-сынып оқушыларының география пәнінен білім деңгейін анықтау және оларды ізденуге, жылдам ойлануға, тапқырлыққа үйрету. Сонымен қатар география пәніне деген қызығушылығын арттыру.

Сайыстың бірінші кезеңі «Ең, ең, ең...» деп аталады. Кезең барысында оқушыларға дүниежүзі елдері бойынша сұрақтар қойылды.

«Бәйге» кезеңінде қатысушыларға 1-ден 6-ға дейінгі сандар берілді. Сол сандар ұяшығында әр оқушыға арналған сұрақтар жасырылған. Сұрақтарға жауап беру арқылы 2-3 ұпайдан иеленді. 

«Жорға» деп аталатын үшінші кезең барысында материктер таңдауға берілді. Әр ұяшық ішінде белгілі бір материкке байланысты 10 сұрақ берілген, сол сұрақтарға жарысқа қатысушылар жылдам жауап беруге тырысты.

Соңғы кезең «Көкпарда»  география және жаратылыстану пән мұғалімдері оқушыларға жағдаяттық сұрақтар беру арқылы өтті.Мектептің үздік географ оқушылары қатысқан сайыс өте тартысты әрі қызықты өтті.   Соңында жеңімпаздар анықталып, димлом және бағалы сыйлықтармен марапатталды.


29.01.2021 күні Ғылыми-жаратылыстану бірлестігінің он күндігі аясында география пәнінің мұғалімі Сәлімжанов Нұрсұлтан Өмірханұлы 10 «А» сыныбына «Дүниежүзілік шаруашылықтың аумақтық модельдері» тақырыбында онлайн ашық сабақ өткізді. 

Оқу мақсаты: Дүниежүзі шаруашылығының аумақтық модельдерін талдау

Сабақ басында үй тапысрмасы «Ой талқы» әдісі арқылы оқушылар мұғаліммен кері байланыс жасай отырып тексерілді. Жаңа сабақты ашу мақсатында тақырыпқа байланысты видео көрсетілді, оқушылар видеоны талдай отырып қойылған сұрақтарға жауап беру арқылы жаңа тақырыпты ашты. Жаңа сабақты игеру мақсатында: өздік жұмыс, яғни оқушылар дүниежүзі шаруашылығының аумақтарын талдай отырып, елдерді даму деңгейлері бойынша картадан көрсетті. Зерттеу жұмысы ретінде шаруашылықтың аумақтық құрылымын жіктеп, аймақтардың экономикалық даму көрсеткіштері бойынша кестеге түсірді.  Жаңа сабақты қорытындылау мақсатында «Quizizz» бағдарламасы арқылы тест тапсырды.

Сабақты қорытындылау «Quizizz» бағдарламасы арқылы тиімді қолданылды. Мұғалім өзінің сабақта көздеген мақсатына толығымен жетті. Ашық сабаққа 3 мұғалім қатысты


29.01.2021 ж. күні Ғылыми-жаратылыстану бірлестігінің он күндігі аясында Биология пәні мұғалімі Баймұратов Әлібек Қыдырхожаұлы 11 «Б» сыныбына «Микробиологиялық зерттеулердің кезеңдері. Микроағзалармен жұмыс жасағандағы дезинфекциялау және стерильдеу әдістері» тақырыбында онлайн ашық сабақ өткіздім. 

Оқу мақсаты: Микробиологиялық зерттеу кезеңдерін сипаттау және түсіндіру.   

Сабақ барысында оқушылар сақтық шараларының түрлері мен маңызын толық меңгерді. Тақырыпты ашу мақсатында оқушыға фотосуреттер беріліп, сол бойынша өздері түсінік беріп, жаңа сабақтың тақырыбын аша алды. Жаңа тақырыпты толық түсіну үшін, оқушыларды үш топқа бөліп, жеке тапсырмалар берілді. Мұнда Стерильдеу мен Дезинфекциялау ерекшеліктері мен түрлерін білді. Білімді бекіту үшін, оқушыларға қосымша сұрақтар берілді. Барлық сұраққа оқушылар оңай, әрі еркін орындады. Сабақты пысықтау мақсатында «Фишбоун» әдісін қолдандым. Бұл әдісте әр топқа проблемалық сұрақтар берілді. Оқушылар күнделікті өмірмен байланыстырып, жауабын таба алды.

Осы әдістен кейін, өзім сабақты қорытындылап, пысықтап өттім. Рефлексия ретінде «Екі дұрыс, бір бұрыс» әдісін қолдандым. Осы тәсілді қолдану арқылы оқушының ойлау қабілетін дамытып, жаңа материалды меңгергендігін анықтау. Сабақ соңында Сабақты тиянақтау үшін оқушыларға «КИВИ» атты мотивациялық видео көрсеттім. Осы информация арқылы олардың өзіне деген сенімділігін арттыру болды.

Оқушылардың өзін-өзі бағалауы сабақта өте тиімді болды. Мұғалім өзінің сабақта көздеген мақсатына толығымен жетті. Ашық сабаққа 8 мұғалім қатысты.


29.01.2021 күні Ғылыми-жаратылыстану бірлестігінің он күндігі аясында химия пәнінің мұғалімдерінің ұйымдастыруымен 7«Б, В» сыныптар арасында «“XXI ғасыр көшбасшысы”» атты онлайн интеллектуалды жарыс өткізілді. 

Мақсаты: Химия пәнінен оқушылардың 1-ші және 2-ші тоқсанда алған білімдерін қайталап, қорытындылау. 

Ең алдымен, мұғалім оқушыларды жарыс ережесімен таныстырды. Жарысқа екі топ қатысты. Жарыс 8 бөлімнен тұрды. 

1. Химия пәні. Заттар және олардың қасиеттері (10 балл)

2. Заттардың агрегаттық күйінің өзгеруі (10 балл)

3. Атомдар. Молекулалар. Заттар (6 балл)

4. Ауа. Жану реакциясы (6 балл)

5. Химиялық жұмбақтар (6 балл)

6. Химиялық мақал-мәтелдер (10 балл)

7. Видеосұрақ (2 сұрақ 8 балл)

8. Химиялық тілек айту (4 балл)

Бірінші және төртінші бөлім аралығында топ мүшелері 2-тоқсан тақырыптарына қатысты жеке сұрақтарға жауап берді. Сонымен қатар Алматы қаласының басқа да мектептерінен мұғалімдер видеосұрақтар қойып, жарысты қызықтыра түсті. Оқушылар бір-біріне химиялық тілде тілек айтуы өте ұтымды шықты. Жалпы жарыс оқушыларға өте қызықты болды. Жарыс нәтижесінде 7в сыныбы жеңімпаз атанды.


29.01.2021 күні Ғылыми-жаратылыстану бірлестігінің он күндігі аясында биология пәнінің мұғалімдерінің ұйымдастыруымен 7-сыныптар арасында «Биологияға саяхат» интеллектуалды сайыс өткізілді. 

Мақсаты: 7-сынып оқушыларынын химия пәнінен алған білім деңгейін байқау және оларды тез ойлануға, алғырлыққа, тапқырлыққа, ізденуге баулу.

I сайыс: Ұлы және белгілі ғалымдар

II сайыс: Жұмбақ әлемінде

Оқушылар жұмбақтардың жауаптарын қазақша, орысша, ағылшынша айтты

III сайыс: Пантомима

Бұл кезең «Крокодил» ойынының желісі бойынша өтеді. Топтан кезекпен-кезек шығасыздар, сіздерге сурет жасырамыз. Соны сіз өз тобыңызға мимика, жест арқылы жеткізесіз, ал қалған топ мүшелері оны табу керек.

Ойынымыз өте қызықты әрі тартысты өтті, енді қорытындылайық. Өздеріңіздің жинаған баллдарыңызды санап шығыңыздар.

Сонымен бүгінгі «Биология әлеміне саяхат» атты сайысымыз өз мәресіне жетті.Алда әлі де биік - биік асулардан көріне беріңдер деп тілек білдіреміз.

Тауды биік деме сен,

Талаптансаң шығарсың.

Қарсылас мықты деме сен,

Білімді болсаң шығарсың, - дей келе сайысымызды аяқтаймыз


29.01.2021 күні Ғылыми-жаратылыстану бірлестігінің он күндігі аясында география  пәнінің мұғалімі Калыева Ақбота Рахимқызы 8 «А» сыныбына Демографиялық көрсеткіштер. Ұдайы өсудің түрлері тақырыбында онлайн ашық сабақ өткізді. 

Оқу мақсаты: дүние жүзі елдерін халықтың ұдайы өсу түрі бойынша жіктеу. 

Ең алдымен, мұғалім оқушыларды бағалау критерийлерімен таныстырды. «Миға шабуыл» әдісі арқылы өткен тақырыппен жаңа сабақты   байланыстыру мақсатында ой қозғау сұрақтарын қояды. 

Оқушылар сұрақтарға жауап беріп, өзара ұжымдық талқылау жасағаннан кейін мұғалім оқушыларға сабақтың тақырыбы, мақсатымен таныстырады.Жаңа сабақты қорытындылау Блум таксономиясының деңгейлерін сақтай отырып жүргізілді. 

Зерттеу бөлімінде мұғалім оқушыларға Қазақстанның демографиялық көрсеткіштерін есептеуге байланысты тапсырмалар беруі ұтымды болды. 

Сабақ соңында жасалған «Плюс, минус, қызықты» рефлексиясы арқылы оқушылар сабаққа қатысты ойларын қорытындылады. 

Оқушыларды онлайн жағдайында жеке жұмыс жасауы, жаңа сабақты оқушылармен бірлесіп талқылауы өте тиімді болды. Әр тапсырмаға дескриптор нақты берілді. Мұғалім өзінің сабақта көздеген мақсатына толығымен жетті. Ашық сабаққа 3 мұғалім қатысты.


29.01.2021 күні Ғылыми-жаратылыстану бірлестігінің он күндігі аясында жаратылыстану пәнінің мұғалімдерінің ұйымдастыруымен 5 сыныптар арасында «Жаратылыстану әлеміне саяхат» атты онлайн интеллектуалды жарыс өткізілді. 

Мақсаты: 5 сынып оқушыларының жаратылыстану пәнінен алған білім деңгейін байқау және оларды білімді, жан - жақты болуға баулу. Көшбасшылық қабілеттерін ояту, білуге, үйренуге деген қызығушылықтарын арттыру. 

Сайыс 3 айналымнан тұрды: 

1. Ұшқыр ой

2. «Кім шапшаң?» ойыны 

3. Полиглот ойыны

1-сайыс. «Ұшқыр ой». Бұл кезеңде оқушылар сұрақтарға жауап берді. Әр команда мүшесіне 2 сұрақтан қойылды, жалпы 6 сұрақ.

2-сайыс. «Кім шапшаң?». Сайысты бірінші ойында ұпайы жоғары топ бастады. Бұл сайыста топ мүшелері бірігіп, 10-20-30 баллдық ұяшық нөмірін таңдап, сұрақтарға жауап берді. Ойлануға 30 сек беріледі. Топ мүшелері ватцап желісінде ақылдасып, өз жауаптарын айтады. Жауап дұрыс болмаған жағдайда, келесі топ мүшелеріне жауап беру құқығы берілді.

3-сайыс. Полиглот. Бұл айналымда әр топқа бір мақал-мәтел қойылды. Оқушылар көп нүктенің орнындағы сөзді тауып оны үш тілде айтуы тиіс. Әр үш тілді дұрыс жауапқа 15 балл. Ойлануға 30 сек берілді. Жауап дұрыс болмаған жағдайда келесі топ сұраққа жауап беру мүмкіндігіне ие болды.

Оқушылар интеллектуалды жарыс барысында өздерінің білімдерін көрсете білді, сұрақтарға толықтай жауап берді. Эврика тобы (5 А сыныбы) сайыста ең жоғарғы ұпайды жинап (70 балл), бас жүлдені иемденді. Екінші орынды Қыран тобы (69 балл), үшінші орынды Болашақ тобы (68 балл) алды. Бірінші сайыстағы сұрақтар сабаққа қатысты болды, ал Кім шапшаң сайысында логикалық сұрақтар басым болды. Логикалық сұрақтар қарапайымнан күрделіге қағидаты бойынша біртіндеп қиындай берді. Мұндай тапсырмалар оқушының белсенділігін арттырып, балалардың әр сұрақтарға шығармашылықпен қарауына әсер етті.


30.01.2021 күні Ғылыми-жаратылыстану бірлестігінің он күндігі аясында кәсіпкерлік және бизнес негіздері  пәнінің мұғалімі Аралбаева Жансая Едилкызы 10 «Б» сыныбына «Кабинеттік және далалық зерттеу» тақырыбында онлайн ашық сабақ өткізді. 

Оқу мақсаты:кабинеттік және далалық зерттеулердің айырмашылығын білу, кабинеттік және далалық зерттеу әдістемесін қолдана алу

Бұл сабақ тақырыпты «Кабинеттік және далалық зерттеу» қорытындылау болуына байланысты оқушылар топпен жұмыс жасап өздерінің зерттеу жұмыстарын қорғап, сауалнама жүргізу арқылы өздерінің тұжырымдамасын көрсетті. Сынып 3 топқа бөлінді: 1 топ тіс пастасын қолдану  туралы болса 2 топ  Қазақстандағы бизнес мектеп, 3 топ Қазақстанда чайды қаншалықты қолданады   деп  презентация жасады. 

Презентация нәтижесінде зерттеу әдістемесін қолдану арқылы кабинеттік және далалық зерттеу айырмашылығын  көрсетті. Презентациядан кейін оқушылар өздерінің қарсылас топтарына баға беріп ой пікірлерімен бөлісті.

Сабақ соңында жасалған «Шабадан, ет тартқыш, себет» рефлексиясы арқылы оқушылар сабаққа қатысты ойларын қорытындылады.  Оқушылардың ой пікірі, баға беруі арқылы сабақты қаншалықты түсінген деңгейін және жалпы қалыптасқан тарау бойынша  түсінігін мұғалім көрді.3 топтың да презентациясымен дайындығы ерекше;1 топ тіс пастасын кең ауқымда қарастырса, 2 топ бизнес мектеп атты идесы жақсы, 3 топ чай туралы презентациясы әдемі дайындады.

30.01.2021 күні Ғылыми-жаратылыстану бірлестігінің он күндігі аясында жаратылыстану пәнінің мұғалімі Домакбаева Айдана Мирамбековна 5 «а» сыныбына «Тірі ағзалардың құрылымдық деңгейлері» тақырыбында онлайн ашық сабақ өткізді. 

Оқу мақсаты: Тірі ағзалардың құрылымдық деңгейлерін сипаттау

Ең алдымен, мұғалім оқушыларды бағалау критерийлерімен таныстырды.  Үй тапсырмасын еске түсіру мақсатында экранға  сұрақтар шығарды. Оқушылар барлық сұрақтарға  жауап беру арқылы жақсы түсінгендерін көрсете алды.  

Жаңа сабақты мұғалім презентация арқылы тірі ағзалардың құрылымдық деңгейлерін түсіндірді. Түсіндіру барысында оқушылар мен мұғалім арасында кері байланыс болды. . Жаңа сабақты игеру мақсатында оқушыларға өзіндік жұмыстар берілді. Зерттеу жұмысы ретінде оқушылар құрылымдық деңгейлердің кезеңдеріне мысалдарды кестеге толтырды.  Оқушылар зерттеу бөлімін жалпылаумен байланыстыра алды. Жаңа сабақты қорытындылау мақсатында мұғалім «Метатаным педагогикасының» таным деңгейлерін сақтай отырып «Метасызба» ұсынды, сабақты метасызба арқылы қорытындылады.

Сабақ соңында жасалған «Жетістік баспалдағы» рефлексиясы арқылы оқушылар сабаққа қатысты ойларын қорытындылады. 

Оқушыларды онлайн жағдайында жеке жұмыс жасауы, жаңа сабақты оқушылармен бірлесіп талқылауы өте тиімді болды. Әр тапсырмаға дескриптор нақты берілді. Мұғалім өзінің сабақта көздеген мақсатына толығымен жетті. Ашық сабаққа 5 мұғалім қатысты.


30.01.2021 күні Ғылыми-жаратылыстану бірлестігінің он күндігі аясында география пәнінің мұғалімі Түменбаев Мади Қуанышұлы 11 «Ә» сыныбына «Мамандану және әртараптандыру – аймақтық экономиканың даму әлеуеті». 15-сарамандық жұмыс. «Аймақтың даму әлеуетіне SWOT-талдау жасау» тақырыбында ашық сабақ өткізді.  

Оқу мақсаты: Қазақстан аймақтарын экономикалық тұрғыда дамыту жөнінде стратегиялардың жобаларын ұсыну (өз аймағы негізінде). 

Сабақ жоспары бойынша мұғалім ең алдымен, өткен тақырыпты еске түсіру мақсатында «сұрақ-жауап» ұйымдастырды. Жаңа сабақты PowerPoint және тақырыптық карталар арқылы таныстырып, оқушыларға үсіндірді. Салыстыру кезінде Қазақстанның дамыған және дамуы төмен аймақтарды салыстырып, Қазақстан өңірлерінің даму деңгейін салыстыру. Зерттеу бөлімінде мұғалім оқушыларға Қазақстанның ЖӨӨ төмен өңірлерді дамытудың жоспарларын таныстыруды ұсынды. Оқушылар өздерінің аймақты дамыту жоспарын ұсынып, қорытынды ретінде метасызбамен жұмыс жасады. Зерттеу бөлімін жалпылаумен ұтымды байланыстырды. Сабақтың соңында «Плюс-Минус-Қызықты» рефлексиясы арқылы оқушылар сабаққа қатысты ойларын қорытындылады.

Оқушылар онлайн жағдайында өздерінің таныстырылымдарын жақсы қорғай алды және оқушылар арасында қызу талқылау болды. Мұғалім өзінің сабақта көздеген мақсатына жетті. Ашық сабаққа бірнеше мұғалімдер қатысты.   


30.01.2021 күні Ғылыми-жаратылыстану бірлестігінің он күндігі аясында химия пәнінің мұғалімдерінің ұйымдастыруымен 8 «Ә» сыныптар арасында «Жүзден жүйрік» атты онлайн интеллектуалды жарыс өткізілді. 

 Мақсаты: 8-сынып оқушыларынын химия пәнінен алған білім деңгейін байқау және оларды тез ойлануға, алғырлыққа, тапқырлыққа, ізденуге баулу. 

Ең алдымен, мұғалім оқушыларды жарыс ережесімен таныстырды. Жарысқа екі топ қатысты. Жарыс 4 бөлімнен тұрды. Бірінші бөлім топ басшылар жарысы. Әр топ басшысына уақытқа сұрақтар оқыды, әр дұрыс берген жауапқа 10 балдан беріп отырды. Екінші бөлім «Ойлан тап» экраннан белгілі бір тақырыпқа қатысты ұяшықтар бойынша сұрақтар көрсетілді. Үшінші бөлім «Есептер додасы». Екі топқа да бірдей есеп беріп, оқушыларды сынады. Төртінші бөлім «Тіл шешендік кезеңі» , бұл кезеңде оқушыларға химиялық элементтерге байланысты жұмбақтар, мақалдар жасырылды. Оқушыларға өте қызықты болды. Жарыс нәтижесінде I топ жеңімпаз атанды.

Оқушыларды онлайн жағдайында топқа бөлуі өте тиімді болды. Іс-шараға 7 мұғалім қатысты.


30.01.2021 күні Ғылыми-жаратылыстану бірлестігінің он күндігі аясында жаратылыстану пәнінің мұғалімдерінің ұйымдастыруымен 6 сыныптар арасында «ХХІ ғасыр көшбасшысы» атты онлайн интеллектуалды жарыс өткізілді. 

Мақсаты: 6 сынып оқушыларының жаратылыстану пәнінен алған білім деңгейін байқау және оларды білімді, жан - жақты болуға баулу. Көшбасшылық қабілеттерін ояту, білуге, үйренуге деген қызығушылықтарын арттыру. 

Сайыс:«Бәйге», «Жорға», «Дода» кезеңдерінен тұрды. 

1-сайыс. «Бәйге». Әр топқа 1 суреттен көрсетілді. Сайыскерлер суреттерге анықтама берді. Дұрыс жауап үшін 10 ұпай берілді. Топ мүшелері ватцап желісінде ақылдасып, өз жауаптарын айтып отырды. Жауап дұрыс болмаған жағдайда, келесі топ мүшелеріне жауап беру құқығы берілді.

2-сайыс. «Жорға».  Бұл кезеңде әр ойыншыға жеке алдын ала дайындалған тест сұрақтары берілді. Қатысушы дұрыс жауап берген әр сұраққа 10 ұпай беріліп отырды.

3-сайыс. «Дода». Қатысушыларға жаратылыстану салаларынан 10,20,30, ұпайлық сұрақтар ұсынылды. Белгіленген блок бойынша ойыншы сұрақты және ұпайды өзі таңдады. Таңдау кезеңі ұпайы көп оқушыға берілді. Сұраққа жауап бере алмағандарға, жауап беру құқығы қарсыластарына берілді.

Сайыс қортындысы бойынша «Жалын» тобы  ең жоғарғы ұпайды жинап (145 балл), бірінші орынды иемденді. Екінші орынды «Жас ғалымдар» тобы (115 балл), үшінші орынды «Білім ордасы» тобы (110 балл) алды. Оқушылар интеллектуалды жарыс барысында өткен сабақтар бойынша білімдерін ортаға салып, сұрақтарға толықтай жауап берді. Көшбасшылық қасиетін, білімге деген табандылығын көрсете білді. 

Тәуелсіз Қазақстанның кемел болашағын келешекке жеткізер осынау озық ойлы ұрпағы бар елдің жалауы ешқашанда еңкеймек емес.


01.02.2021 күні ғылыми-жаратылыстану бірлестігінің он күндігі аясында биология пән мұғалімі Абу Нурила Бауыржанқызы 7 «Б» сыныбына «Жүйке жүйесінің типтерін салыстыру: диффузиялы, сатылы, түйінді, түтіктәрізді» тақырыбында онлайн ашық сабақ өткізді. 

Оқу мақсаты: 7.1.7.1 - жануарлардың жүйке жүйесінің типтерін салыстыру. 

Ең алдымен, мұғалім оқушыларды бағалау критерийлерімен таныстырды.  Үй тапсырмасы «Миға шабуыл» әдісі арқылы өткен тақырыппен жаңа сабақты   байланыстыру мақсатында ой қозғау сұрақтарын ұжымдық талқылау болды. Оқушыларға жалпылама сұрақтар беріледі.   Жаңа сабақты мұғалім «bilimland.kz» сайтын қолданып, тақырып туралы түсінік қалыптастыру мақсатында бейнебаян көрсетіп, видеодағы мәліметтерді талдап түсіндірді. Жаңа сабақты қорытындылау «Метатаным педагогикасының» таным деңгейлерін сақтай отырып жүргізілді. Зерттеу бөлімінде мұғалім оқушыларға жалпылама суреттер берілді. Оқушылар ситуациялық жағдайды талқылай отырып, өз ойларымен бөлісті. 

Сабақ соңында жасалған «Бірауыз сөз» әдісі арқылы мұғалім сабақты қорытындылау мақсатында оқушылардың сабаққа деген көзқарасын, рефлексиясын тыңдап,  оқушылар сабаққа қатысты ойларын қорытындылады. 

Оқушыларды онлайн жағдайында топқа бөлуі, жаңа сабақты оқушылармен бірлесіп талқылауы өте тиімді болды. Әр тапсырмаға дескриптор жақсы құрастырылып берілген. Мұғалім өзінің сабақта көздеген мақсатына толығымен жетті. Ашық сабаққа 4 мұғалім қатысты.



01.02.2021 күні Ғылыми-жаратылыстану бірлестігінің он күндігі аясында химия пәнінің мұғалімі Мықтыбек Таңірберген Бақытжанұлы 7 «Б» сыныбына «Сұйылтылған қышқылдардың карбонаттармен әрекеттесуі. №3 практикалық жұмыс «Сұйылтылған қышқылдар мен карбонаттардың әрекеттесуі. Көмірқышқыл газына сапалық реакция»» тақырыбында онлайн ашық сабақ өткізді. 

Оқу мақсаты: Кейбір карбонаттардың сұйылтылған қышқылдармен реакцияларын зерттеу және көмірқышқыл газының сапалық реакциясын жүзеге асыру

Сабақ барысында оқушылар өзін-өзі бағалау парағы негізінде өз-өздеріне қалыптастырушы бағалар қойып отырды. Үй тапсырмасы жеке жұмыс арқылы тексерілді, оқушылардың жасаған жұмыстарын экранға көрсетіп мұғаліммен бірге талқылау жүргізілді. Жаңа сабақты мұғалім bilimland.kz сайтын қолданып видео көрсетіп, онлайн тақтада жаза отырып түсіндірді. Жаңа сабақты қорытындылау «Метатаным педагогикасының» таным деңгейлерін сақтай отырып жүргізілді. Зерттеу бөлімінде мұғалім өзі практикалық жұмысты онлайн жасап көрсетуі ұтымды болды. Зерттеу бөлімін жалпылаумен байланыстыра алды. Жалпылау бөлімінде есептер шығарылып, онлайн тақтада оқушылармен бірге жұмыс жасалды. Сабақ соңында жасалған «Белсенділік» рефлексиясы химия пәнімен ұштастыра отырып жасауы өте ұтымды болды. 

Оқушылардың өзін-өзі бағалауы сабақта өте тиімді болды. Мұғалім өзінің сабақта көздеген мақсатына толығымен жетті. Ашық сабаққа 10 мұғалім қатысты.


01.02.2021 күні Ғылыми-жаратылыстану бірлестігінің он күндігі аясында биология пәнінің мұғалімі Бауыржанқызы Динара  7 «Б» сыныбына «Жүйке жүйесінің типтерін салыстыру: диффузиялы, сатылы, түйнекті, түтіктәрізді» тақырыбында онлайн ашық сабақ өткізді. 

Оқу мақсаты: жануарлардың жүйке жүйесінің типтерін салыстыру. 

Ең алдымен, мұғалім оқушыларды бағалау критерийлерімен таныстырды. Сабақ басында үй тапысрмасы «Ой талқы» әдісі арқылы оқушылар мұғаліммен кері байланыс жасай отырып тексерілді. Жаңа сабақты ашу мақсатында тақырыпқа байланысты видео көрсетілді, оқушылар видеоны талдай отырып қойылған сұрақтарға жауап беру арқылы жаңа тақырыпты ашты.

Жаңа сабақты игеру мақсатында: оқушыларға жаңа тақырыпка байланыста термин сөздер қазақша, орысшы және ағылшын тілінде айтылды. . Оқушыларға жалпылама сұрақтар беріледі. 

Сабақ соңында жасалған «Еркін микрофон» рефлексиясы арқылы оқушылар сабаққа қатысты ойларын қорытындылады. 

Оқушыларды онлайн жағдайында жаңа сабақты оқушылармен бірлесіп талқылауы өте тиімді болды. Әр тапсырмаға дескриптор нақты берілді. Мұғалім өзінің сабақта көздеген мақсатына толығымен жетті. Ашық сабаққа 2 мұғалім қатысты.


03.02.2021 күні  Ғылыми-жаратылыстану бірлестігінің он күндігі аясында кәсіпкерлік және бизнес негіздері пәнінің мұғалімі Аралбаева Жансая мен  география пәнінің мұғалімі  Қалыева Ақботамен ұйымдастыруымен 10А,Б  сыныптар арасында «Жаһандану жағдайындағы экономика» атты онлайн геотурнир өткізілді. 

Мақсаты: 10 сынып оқушыларының география мен кәсіпкерлік және бизнес негіздері пәнінен алған білім деңгейін байқау және оларды білімді, жан - жақты болуға баулу. Көшбасшылық қабілеттерін ояту, білуге, үйренуге деген қызығушылықтарын арттыру. 

Сайыс 3 айналымнан тұрды: 

1. Ұшқыр ой

2. «Кім шапшаң?» ойыны 

3. Полиглот ойыны

1-сайыс. «Ұшқыр ой». Бұл кезеңде оқушылар сұрақтарға жауап берді. Әр команда мүшесіне 2 сұрақтан қойылды, жалпы 6 сұрақ.

2-сайыс. «Кім шапшаң?». Сайысты бірінші ойында ұпайы жоғары топ бастады. Бұл сайыста топ мүшелері бірігіп, 10-20-30 баллдық ұяшық нөмірін таңдап, сұрақтарға жауап берді. Ойлануға 30 сек беріледі. Топ мүшелері ватцап желісінде ақылдасып, өз жауаптарын айтады. Жауап дұрыс болмаған жағдайда, келесі топ мүшелеріне жауап беру құқығы берілді.

3-сайыс. Полиглот. Бұл айналымда әр топқа бір мақал-мәтел қойылды. Оқушылар көп нүктенің орнындағы сөзді тауып оны үш тілде айтуы тиіс. Әр үш тілді дұрыс жауапқа 15 балл. Ойлануға 30 сек берілді. Жауап дұрыс болмаған жағдайда келесі топ сұраққа жауап беру мүмкіндігіне ие болды.

Оқушылар интеллектуалды жарыс барысында өздерінің білімдерін көрсете білді, сұрақтарға толықтай жауап берді. Эврика тобы (5 А сыныбы) сайыста ең жоғарғы ұпайды жинап (70 балл), бас жүлдені иемденді. Екінші орынды Қыран тобы (69 балл), үшінші орынды Болашақ тобы (68 балл) алды. Бірінші сайыстағы сұрақтар сабаққа қатысты болды, ал Кім шапшаң сайысында логикалық сұрақтар басым болды. Логикалық сұрақтар қарапайымнан күрделіге қағидаты бойынша біртіндеп қиындай берді. Мұндай тапсырмалар оқушының белсенділігін арттырып, балалардың әр сұрақтарға шығармашылықпен қарауына әсер етті.


25.01.2021-03.02.2021 күндері арасында Ғылыми-жаратылыстану бірлестігінің он күндігі аясында химия пәнінің мұғалімдерінің ұйымдастыруымен 7-11 сыныптар арасында «Қызықты есептер» атты онлайн интеллектуалды жарыс өткізілді. 

Мақсаты: 7-11 сынып оқушыларынын химия пәнінен алған білім деңгейін байқау және оларды тез ойлануға, алғырлыққа, тапқырлыққа, ізденуге баулу.

Сұрақтарға жауап беріңіз және жауабыңызды дәлелдеңіз?

  1. Су сұйық күйден бу күйге өткенде оның көлемі өзгере ма?
  2. Газ балонын жартылай оттекпен толтыруға бола ма?
  3. Сутектің массалық үлесі 50 бола алатын көмірсүтек бар ма?
  4. Бүйірі 1 мм-ге тең таза алтын кубында қанша атом бар (алтын тығыздығы 19,3 г /см3)
  5. Франция, Польша, Ресей құрметіне аталған химиялық элементтерді жазыңыз? Күн сәулесінде алғаш рет қандай элемент ашылды?
  6. Көмірқышқыл газы мен сутектің газ тәрізді қоспасын бөлудің әдісін ұсыныңыз. Жауабыңызға дәлел келтіріңіз.
  7. Тауық жылына орта есеппен 220 жұмыртқа береді. Жұмыртқаның құрамындағы кальций карбонатының (CaCO3) массасы орта есеппен 5 г құрайды.Бір жыл ішінде жұмыртқалаушы тауықтың денесінде кальцийдің қандай мөлшерін толтыру керек?
  8. Реумур шкаласында мұздың еруі (00R) мен судың қайнау температуралары арасындағы аралық 80 бөлікке бөлінеді. Адам денесінің қалыпты жағдайда Реумур температурасы қандай болады?
  9. Мектептегі химия кабинетінде тұз қышқылы еденге төгіліп, сабақ аяқталғанда ол толығымен буланып кетті. Хлорсутек тыныс алу кезінде өте улы және тітіркендіргіш болса да, оқушылар ешқандай бөгде иісті сезбеді. Егер газ күйіне өткен газдың массасы 1 г болса, онда хлорсутек молекулалары ауада көп пе?
  10. Ивановтар отбасы саяжай сатып алып, қиярдан үлкен өнім жинауға шешім қабылдады. Дүкенде азотты тыңайтқыштар сатылды, олардың барлығы селитра деп аталды, олардың бағасы бірдей болды: KNO3; NaNO3; NH4NO3; Ca(NO3)2.

Анасы айтты: Көк пакеттегі селитраны салып алайық!

Әкесі: Қораптағы селитраны алайық, оны алып жүру ыңғайлы болады!

Қарындасы: Әдемі қияр мен қызанақ сүреті көрсетілген селитраны сатып алайық!

Ваня не деді?

Ең алдымен, есеп шарттары Instagram және  Facebook әлеуметтік желілеріне жарияланды. Көптеген оқушылар өз жауаптарын жіберді. Ең үздік жауап 11 б сынып оқушысы Муканов Асқар жеңімпаз атанды. Есептер өте қызықты және өмірмен тығыз байланысты болды. Аскар 10 есептің барлығын шығара алды. 7 сыныптар 2 есептен ғана шығара алды. Ал басқа оқушылар 4-7 тапсырмаға дейін дұрыс шеше алған.


25.01.2021-03.02.2021 күндері аралығында Ғылыми-жаратылыстану бірлестігінің он күндігі аясында география пәнінің мұғалімі Түменбаев Мадидың ұйымдастыруымен 11-сыныптарға «"Метеорологиялық стансымен танысу"» атты сыныптан тыс іс-шара жүргізілді.

11-сыныпта география пәнін таңдаған оқушылармен ҚазҰУ-дағы ауа райын бақылайтын орын - "Метеорологиялық стансыға" бардық. Оқушыларды ауа райын бақылайтын және оның элементтерiн анықтайтын, өлшейтiн құралдармен таныстырдым.

Термометр - ауа температурасын өлшейтiн құрал.

Барометр - атмосфералық қысымды өлшейтiн құрал.

Желбағар (флюгер) - желдің бағытын анықтайтын құрал.

Өлшеуіш стақан - атмосфералық жауын-шашынды өлшейтiн құрал.

Осы және т.б. құралдардың қалай қызмет атқаратын түсіндіріп көрсеттім.


25.01.2021-03.02.2021 күндері арасында Ғылыми-жаратылыстану бірлестігінің он күндігі аясында химия пәнінің мұғалімдерінің ұйымдастыруымен 8-10 сынып оқушыларының қатысуымен  «Химия әлемінде» атты  әлеуметтік желіде таныстырылымдар өткізілді. 

Мақсаты: Оқушылардың химия пәніне деген қызығушылығын арттыру

Ең алдымен, химия пәні мұғалімі Зиябек Карлыга химия пәніне қатысты қызықты мәліметті әлеуметтік желіде #химия_әлемінде атты хештегімен бөлісті. Ары қарай мұғалімнің бастамасын оқушылар осы хештег бойынша жалғастырды. Оқушылар бұл іс шара арқылы химия пәніне деген ой өрістерін кеңейтті.   Оқушыларға өте қызықты болды.