Алматы қаласы
Білім басқармасының
"Махатма Ганди атындағы
№92 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727)248-30-40
Есепші бөлімі:
+7(727) 248-46-55
Нашар көрушілер
нұсқасы
18
февраль
2021

«Білімді мыңды жығар» атты сыныптан тыс іс-шара

М.Ганди атындағы №92 мамандандырылған лицейде математика және информатика пәндерінің  2020-2021 оқу жылының  жылдық жоспарына сәйкес 2021 жылдың 17 ақпанында 14.00-де 11-сыныптар арасында «Білімді мыңды жығар» атты сыныптан тыс іс-шара болып өтті.

                               

   Сыныптар арасында төрт топ құрылды. 11«А» сыныбы 1-топ, 11«Ә» сыныбы 2-топ, 11«Б» сыныбы 3-топ, 11«В» сыныбы 4-топ, әр топта 4-оқушыдан болды. Жүргізушілер жарысқа қатысатын топтармен көрермендерді таныстырды. Әділ қазы алқасы сайланды: математика пәні мұғалімі Аяганов Жәнібек және практикант Жөкен Алина. Жарыс үш кезеңнен тұрды, бірінші кезең «Жылдам сұрақ, тез жауап» кезеңі, екінші «Тапқыр болсаң, тауып көр» кезеңі, үшінші «Керемет ғалымдар» кезеңі.

   «Жылдам сұрақ, тез жауап» кезеңінде әр командаға 10- сұраққа жауап беруге 1 минут уақыт берілді. Шапшаңдық пен алғырлықты талап ететін ойын ережесі: әр команда 1 минутта қанша сұраққа жауап бере алса, сонша ұпай алады. Әділ қазылар алқасы, есептеу комиссиясы қатаң бақылады. Бұл кезеңде оқушылар өте белсенді болып, өз білімдерін аз уақыт аралығында көрсете білді.

   Келесі кезең «Тапқыр болсаң, тауып көр» деп аталды. Орындалуына 5 минут уақыт бөлінді. Бұл кезеңде әр командаға логикалық есептер бойынша тапсырмалар берілді. Уақыт біткенде әр команда өздеріне берілген логикалық есептерді түсіндіріп, қорғап берді. Бұл кезеңде де оқушылар ой-өрістерінің кең екенін көрсетті.

   Соңғы кезең «Керемет ғалымдар» кезеңінде әр командаға тапсырмалар берілді. Тапсырманы орындауға 5 минут уақыт белгіленді. Осы уақыт ішінде жауабы дайын болған командалар өз ойларын дәлелдеп айтып берді. Жарыс соңына жетті, әділ қазы алқасы әділ түрде өз шешімдермен оқушыларды таныстырды.

                           

   1- орынды 11 «Ә» сыныбы иеленді, 2- орынды 11 «В» сыныбы иеленді, ал 3- орынды 

11 «А» сыныбы иеленді.  Жүргізушілер бәріне алғыстарын айтып жарысты аяқтады. Іс-шараға қатысқан мұғалімдер, атап айтсақ Балашов Қ., Түменбай М., Абай ағай кері байланыстарын берді. Оқушылардың өте белсенді, жарыс тартымды өткенін атап өтті, тапсырмалар қызықты, танымдық деңгейде болғанын айтты. 

Іс-шараға жауапты мұғалімдер: Курманбаева А.А., Матаева Қ., Балашов Қ.