Алматы қаласы
Білім басқармасының
"Махатма Ганди атындағы
№92 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727)248-30-40
Есепші бөлімі:
+7(727) 248-46-55
Нашар көрушілер
нұсқасы
01
ноябрь
2023

Әдістемелік семинар: "Қысқа мерзімді жоспар құру"

01.11.2023ж. Лицейдің педагогикалық ұжымына директордың ғылыми-әдістемелік жұмысы жөніндегі орынбасары Слямова Нургуль Рахманкуловнаның ұйымдастыруымен әдістемелік семинар өткізілді. Семинарда қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі, «Озық тәжірибе мектебінің» мүшесі педагог-шебер Мунасаева Р.Н. «Қысқа мерзімді жоспар құру мен сабақтағы критериалды бағалаудың ерекшеліктері» тақырыбындағы іс-тәжірибесімен бөлісті.

🔰Әдістемелік семинар мақсаты:
✓ әр тақырыпты меңгертудің мақсаттары мен міндеттерін белгілеу;
✓ оқушылардың қызығушылығын арттыру үшін әдіс-тәсілдерді саралап қолдану;
✓ оқу мақсаты негізінде оқушылардың уәжін арттыратын тапсырмалар құрастыру;
✓ білім алушылар жұмысының нәтижелерін тұрақты бақылау және дескрипторлар бойынша бағалау;
✓ сабақтың мазмұны бойынша қорытынды жасауға бағыттау;
✓ уақытты үнемді және нәтижелі пайдаланудың жолдарын қарастыру.