Алматы қаласы
Білім басқармасының
"Махатма Ганди атындағы
№92 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727)248-30-40
Есепші бөлімі:
+7(727) 248-46-55
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Семинар-тренинг: «Жас ерекшелік психологиясының ерекшеліктері»
18
ноябрь
2021

Семинар-тренинг: «Жас ерекшелік психологиясының ерекшеліктері»

Лицейімізде 18.11.2021 күні директордың ғылыми - әдістемелік жұмысы жөніндегі орынбасары Слямова Нургуль Рахманкуловнаның ұйымдастыруымен, лицей психологы  Полатбекова Ә.Н. жас мамандармен оқыту мен тәрбие жүйесінде оқушылардың жас ерекшеліктерін есепке алуға үйрету, жас ерекшелік психологиясының өзіндік ерекшеліктерімен таныстыру мақсатында «Жас ерекшелік психологиясының ерекшеліктері» атты семинар-тренинг өтті. 
Семинар-тренинг барысында оқушылардың жас ерекшеліктері, мінез – құлық типтік сипаты, оқушылардың таным белсенділігі туралы жас мамандарға құнды ақпараттар айтылды. Сонымен қатар, «Ағаштағы орныңыз қайсы?», «Жағдаяттардан шығу», «Аялы алақан» жаттығулары орындалды.
✔Жас мамандар әр жаттығуға белсене қатысып, өз ойларын ортаға салды.