Алматы қаласы
Білім басқармасының
"Махатма Ганди атындағы
№92 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727)248-30-40
Есепші бөлімі:
+7(727) 248-46-55
Нашар көрушілер
нұсқасы
12
октябрь
2023

Әдістемелік семинар

12.10.2023ж.  лицейде жас мамандарға арналған әдістемелік семинар өткізілді. Семинарды қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі, педагог-шебер Мунасаева Р.Н. мен тарих пәні мұғалімі, педагог-зерттеуші Усенова С.С. жүргізді. Олар мектептің жас мұғалімдеріне «Тапсырма құрастырудағы оқытудың белсенді әдіс-тәсілдерінің тиімділігі» тақырыбындағы коучингті ұсынды. 
🔰Коучингтің мақсаттары:
-белсенді әдіс-тәсілдер туралы ақпараттандыру;
-оқыту мен оқуда қолданылатын әдіс-тәсілдерді оқу мақсаттары бойынша тиімді қолдана білуге баулу.
Коучинг кезінде оқытудың белсенді әдіс-тәсілдері жөнінде теориялық мәлімет беріліп, «Қазақстанға АЭС керек пе?» тақырыбында практикалық жұмыс жүргізілді. Жас мамандардың бірлескен ортадағы пікірлері тыңдалып, әдіс-тәсілдерді ұтымды қолдануына бағыт берілді.