Алматы қаласы
Білім басқармасының
"Махатма Ганди атындағы
№92 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727)248-30-40
Есепші бөлімі:
+7(727) 248-46-55
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
24
ноябрь
2022

Коучинг: «Жеке тұлғаға бағытталған оқытудың ерекшеліктері»

24 қараша 2022 жылы «Озық тәжірибе мектебі» жоспарының аясында қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Мунасаева Р.Н. мен тарих пәнінің мұғалімі Усенова С.С. «Жеке тұлғаға бағытталған оқытудың ерекшеліктері» тақырыбында коучинг өткізді.
Коучингтің мақсаты:
✓ «тұлға», «жеке тұлға» ұғымдарының мағынасын ашады;
✓ жеке тұлғаның психологиялық портретін жасайды;
✓ заманауи қоғамның «жеке тұлғасының» моделін жасайды;
✓ жеке тұлғаға бағытталған оқытудың ерекшеліктерін анықтайды.
Іс-шара аясында лицей мұғалімдерінен «Шебер ұстаздар», «Тәжірибелі тәлімгерлер», «Жас мамандар» топтары құрылды. Топтар бірнеше тапсырма бойынша бірлескен жұмыс жасады: «4 сөйлем» әдісімен тұлғаны сипаттап, «Кластер» әдісімен жеке тұлғаға тән белгілерді топтастырды, «Интеллект картасы» әдісімен заманауи қоғамның жеке тұлғасының моделін жасап, «Кеңейтілген тізім» әдісімен жеке тұлғаға бағытталған оқытудың ерекшеліктерін ажыратты. Пікірлесу алаңында оқыту мен тәрбиеге қатысты өзекті сұрақтар мен мәселелердің жауабы мен шешімі анықталды. Коучинг соңында қатысушылар «Раундробин» әдісімен кері байланыс жасап, іс-шараны ұйымдастушыларға алғыс білдірді.