Алматы қаласы
Білім басқармасының
"Махатма Ганди атындағы
№92 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727)248-30-40
Есепші бөлімі:
+7(727) 248-46-55
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Педагогикалық кеңес: «Мұғалімнің кәсіби құзыреттілігі – сапалы білім берудің негізі»
31
октябрь
2022

Педагогикалық кеңес: «Мұғалімнің кәсіби құзыреттілігі – сапалы білім берудің негізі»

М. Ганди атындағы №92 мамандандырылған лицей мұғалімдері  «Мұғалімнің кәсіби құзыреттілігі – сапалы білім берудің негізі» тақырыбында өзгеше форматтағы педагогикалық кеңес кейіпкерлері болды. Жолсілтеуші  көмегімен арнайы жабдықталған кабинеттерге- секцияларға жеке- жеке кафедра мұғалімдері бөлініп,  педагогикалық кеңес күн тәртібіне сай құрастырылған қызықты танымдық тапсырмалар орындады. 🍁Динара Бауыржанқызы «Сапалы білім -  болашаққа құйылған инвестиция»  тақырыбын негізге ала отырып, әр кафедраның І тоқсан  үлгерім, сапасы  креативті талданды. 
🍁🍁Нұржан Айнетуллаұлы «Kundelik.kz -пен жұмыс» Білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалау" тақырыбында жеке-жеке әр кафедраның  Kundelik.kz платформасымен жұмыс жасаудағы олқылықтары мен жіберілген қателіктерді талдап көрсетті.                  
🍁🍁🍁Мөлдір Бақбергенқызы «Педагогикалық жағдаяттар шешімі - кәсіби мұғалімнің құзіреттілігінде»  тақырыбында мұғалімдерге әртүрлі жағдаяттар берілді. Мұғалімдер берілген жағдаяттарды шешу арқылы, өздерінің кәсіби біліктіліктерін көрсетті.
🍁🍁🍁🍁Нургул Рахманкуловна «Мұғалімнің кәсіби құзыреттілігі – сапалы білім берудің негізі» тақырыбында түсіндіру жұмысын жасады. Сол арқылы мұғалімдеріміз жас ұрпаққа білім беруші тұлға бойындағы құзыреттіліктерді анықтады.        
🍁🍁🍁🍁🍁Асель Мырзагалиевна «Оқытуды басқару және көшбасшылық»  тақырыбында видеоролик     көрсетті. Видеоролик арқылы мұғалім бойында болу керек көшбасшы және жауапкершілігі мол тұлғаның макетін құрастырды. 
🍁🍁🍁🍁🍁🍁Лицей психологтары мұғалімдерімізге сергіту сәтін жасады. 
Әр  секцияда кафедра бойынша берілген тапсырмалар мен І тоқсан бойы жасалған  жұмыстарына  баға беріліп, жұмыстары қорытыланды. Ерекше форматта өткен педагогикалық кеңес ұстаздарға өте қатты ұнады. Бүгінгі педагогикалық кеңестің мұғалімдерімізге берер пайдасы мол болды деп сенеміз.