Алматы қаласы
Білім басқармасының
"Махатма Ганди атындағы
№92 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727)248-30-40
Есепші бөлімі:
+7(727) 248-46-55
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
11-сынып оқушыларымен жүргізілген тренинг
06
февраль
2026
11-сынып оқушыларымен жүргізілген тренинг
Лицей психологтары 11 «А»  сынып   оқушыларының емтихан алдындағы мазасыздық деңгейін төмендету, өзіне деген сенімділігін арттыру және стресске төзімділік дағдыларын қалыптастыру мақсатында  «Сәттілікке бастар жол»  тақырыбында тренинг жүргізді. 📋 Тренингтің барысы:  1.    «Менің көңіл-күйім» жаттығуы: Тренингтің шымылдығы оқушылардың ағымдағы эмоционалдық жағдайын анықтаудан басталды. Бұл кезеңде қатысушылар өздерінің ішкі сезімдерін бөлісіп, топта жағымды, сенімді ахуал
«Мұқағали Мақатаев оқулары» байқауы
06
февраль
2026
«Мұқағали Мақатаев оқулары» байқауы
Лицей оқушылары «Мұқағали Мақатаев оқулары» байқауының аудандық кезеңінде жүлделі орындарға ие болды! 👏 🥇 I орын 🔹 Махмет Балнұр «Көкірегімде жыр сәулесі маздайды…» номинациясы Жетекшісі: Назарбекова М.М. 🥉 III орын 🔹 Рашид Айқаракөз «Дариға, домбырамды берші маған» номинациясы Жетекшісі: Юлдашева Г.Б. Жас өнерпаздарымызды тамаша жетістігімен құттықтай отырып, жетекшілеріне шығармашылық еңбектері үшін зор алғыс білдіреміз! 🌸 Поэзияға деген сүйіспеншілік пен рухани байлық әрдайым серік болсын! ✨
«Зерде» республикалық жобалар конкурсының жеңімпаздары
06
февраль
2026
«Зерде» республикалық жобалар конкурсының жеңімпаздары
2–7 сынып оқушылары арасында өткен «Зерде» республикалық жобалар конкурсының қалалық кезеңінде оқушыларымыз жүлделі орындарға ие болды! 👏 🥉 III орын иегерлері: * Абай Анель * Отыншиева Кәусар * Асылбекұлы Арсен * Бақтыбай Айбын 📜 Грамотамен марапатталды: * Бахыт Мерей Жас зерттеушілерімізді білімге деген құштарлығы мен ізденісі үшін шын жүректен құттықтаймыз! 🌟 Оқушыларды дайындаған жетекшілерге ерекше алғыс білдіреміз: 👩‍🏫 Жумабекова К.А. 👩‍🏫 Рамазанова А.А. 👩‍🏫 Калыева А.Р. Алдағы уақытта да
Шахматтан қалалық іріктеу кезеңі
03
февраль
2026
Шахматтан қалалық іріктеу кезеңі
Жалпы білім беретін мектеп лигасының қалалық іріктеу кезеңінде өткен шахмат «Ақбозат» спорт түрінен 9–11 сынып оқушылары арасында мектебіміздің командасы III орынды иеленді. Жас спортшыларымызды жетістігімен құттықтай отырып, алдағы жарыстарда сәттілік тілейміз! 👏✨ Жетекшісі: Ильяс Т.Н.
Авиамодельдеу және робототехника бағыттары бойынша қалалық жарыс
31
январь
2026
Авиамодельдеу және робототехника бағыттары бойынша қалалық жарыс
2026 жылғы 31 қаңтар күні Алматы қаласында «SMART SARBAZ – 2026» бағдарламасы аясында дрон-рейсинг, авиамодельдеу және робототехника бағыттары бойынша қалалық жарыс өткізілді. Аталған жарысқа «Махатма Ганди атындағы №92 мамандандырылған лицей» КММ-нің 10 «В» сынып оқушылары қатысып, робототехника («Менің роботым») секциясы бойынша жүлделі І орынға ие болды! 🥇🎉 🏢 Бұл жарысқа: 🔹 Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті, 🔹 Алматы энергетика және байланыс университеті, 🔹 басқа да жоғары оқу
Халықаралық Ice Tiger Cup турнирі
27
январь
2026
Халықаралық Ice Tiger Cup турнирі
8 «Г» сынып оқушысы Есалы Саида халықаралық Ice Tiger Cup турнирінде өнер көрсетіп, І ОРЫН иеленді! 🥇 Бұл — қажырлы еңбек, табандылық пен үлкен мақсаттың нәтижесі. Саиданың жетістігі – тек отбасының ғана емес, бүкіл мектебіміздің, елдің абыройы! 🇰🇿 Алдағы уақытта да жаңа белестерді бағындырып, биік шыңдардан көріне беруіне тілектеспіз. Жеңістерің көп болсын, чемпион! 💫
5-11 сынып оқушыларына психологиялық қолдау көрсету
23
январь
2026
5-11 сынып оқушыларына психологиялық қолдау көрсету
Алматы қаласы Білім Басқармасының «Психологиялық қолдау орталығы» ұйымдастыруымен лицей педагог-психологтары 5–10 сынып оқушыларына арналған психологиялық қолдау іс-шарасын өткізді. Іс-шара барысында оқушыларға  психологиялық жадынама таратылып,  қобалжуды азайтуға арналған қарапайым тыныс алу әдістері үйретілді,  эмоционалдық жай-күйді тұрақтандыру бойынша пайдалы ұсыныстар мен кеңестер берілді. 11-сынып оқушыларына Ұлттық бірыңғай тестілеуге психологиялық дайындықты арттыру мақсатында
Интеллектуалдық ойын: «Qarzhy Sagshysy»
23
январь
2026
Интеллектуалдық ойын: «Qarzhy Sagshysy»
Қалалық білім берудегі жаңа технологиялардың ғылыми-әдістемелік орталығы мен Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің ұйымдастыруымен «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында мектептерде өткізілген «Qarzhy Sagshysy» 💻 ойынында 9 «В» сынып оқушылары Аджиқадыр Алихан және Бейсенбай Бейбіт жүлделі орын алып, жеңімпаз атанды  және марапаттау грамотасына ие болды 📜. Жас зияткерлерімізді шын жүректен құттықтаймыз! Алдағы уақытта да жаңа белестерді бағындырып, жетістіктерге жетулеріне
Бес асық ұлттық ойыны бойынша қалалық іріктеу кезеңі
22
январь
2026
Бес асық ұлттық ойыны бойынша қалалық іріктеу кезеңі
Бес асық ұлттық ойыны бойынша 7–8 сынып қыздар арасында өткен қалалық іріктеу кезеңінде оқушымыз Қайрбек Сабрина 🏆 жүлделі орынға ие болып, Дипломмен марапатталды! Бұл жетістік – тынымсыз еңбек пен ұлттық спортқа деген сүйіспеншіліктің жемісі. Жетекшісі Сисенова Жанар ұстазына кәсіби қолдауы мен еңбегі үшін алғыс білдіреміз. Сабринаға алдағы жарыстарда сәттілік пен жаңа жеңістер тілейміз!
Халықаралық робототехника чемпионаты
20
январь
2026
Халықаралық робототехника чемпионаты
Robotek Grand Tournament 🤖 Халықаралық робототехника чемпионаты 19–20 күндері Алматы қаласында өткен Robotek Grand Tournament халықаралық робототехникадан  қалалық іріктеу чемпионатында М.Ганди 92 мамандандырылған лицейдің оқушылары жоғары нәтижелер көрсетті! 🚀 🥇 Робобаскетбол номинациясы бойынша 1-орын иеленіп, халықаралық кезеңге жолдама алды: 🔹 Серік Нұртас 🔹 Мереке Амир 🥇 Туды жеткізу номинациясы бойынша 1-орын иеленіп, халықаралық кезеңге жолдама алды: 🔹 Бердали Аспандияр 🔹 Абдулла Арнур 🥈