Алматы қаласы
Білім басқармасының
"Махатма Ганди атындағы
№92 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727)248-30-40
Есепші бөлімі:
+7(727) 248-46-55
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
«Үздік мектеп Парламенті» Республикалық байқауы
18
февраль
2025
«Үздік мектеп Парламенті» Республикалық байқауы
«Үздік мектеп Парламенті» Республикалық байқауының аудандық кезеңінде М.Ганди атындағы №92 мамандандырылған лицейі I дәрежелі дипломымен марапатталды. Бұл – оқушыларымыздың ұқыптылықпен әрі қажырлы еңбекпен жасаған жұмыстарының нәтижесі. Біздің мектептің Парламенті өз жетістіктерімен тағы бір рет дәлелдеді, білім мен көшбасшылықта үздік екенін! Құттықтаймыз барлық жеңімпаздарды және жетекшілерін! Бұл жеңіс – сендердің талантыңның, еңбегіңнің және ынта-жігеріңнің нәтижесі. 
«Жарқын болашақ» Республикалық қазақ тілі олимпиадасы
14
февраль
2025
«Жарқын болашақ» Республикалық қазақ тілі олимпиадасы
«Жарқын болашақ» Республикалық қазақ тілі олимпиадасының қалалық кезеңінде «Жас қаламгер» бағыты бойынша М.Ганди атындағы №92 мамандандырылған лицейінің 11-сынып оқушысы Сайлау Әнел 🥇дәрежелі дипломымен марапатталды. Құттықтаймыз!
Кәсіптік бағдар беру жұмыстары жүргізілді
13
февраль
2025
Кәсіптік бағдар беру жұмыстары жүргізілді
13.02.2024ж.Лицей оқушыларына кәсіптік бағдар беру жұмыстары жүргізілді.Бұл іс-шара оқушылардың болашақ мамандықтарын саналы түрде таңдауына бағыт-бағдар беру мақсатында ұйымдастырылды. Шара барысында мамандар оқушыларға түрлі мамандықтардың ерекшеліктері, заманауи еңбек нарығының талаптары және болашақтағы даму мүмкіндіктері туралы құнды ақпарат берді. 🔹 Тақырыптар қамтыды: Мамандық таңдаудағы қателіктерді болдырмау жолдары; Қазақстандағы және әлемдегі сұранысқа ие кәсіптер; Жоғары оқу
“Еркін микрофон” үйірмесі
12
февраль
2025
“Еркін микрофон” үйірмесі
Бүгін қазақ поэзиясының мұзбалағы Мұқағали Мақатаевтың туғанына 94 жыл толуына орай, лицейімізде “Еркін микрофон” үйірмесінің оқушылары ақын өлеңдерін мәнерлеп оқыды.  Оқушылар Мұқағали ақынның мәңгілік мұрасын дәріптеп, оның өлеңдеріндегі терең мағына мен шынайы сезімді тағы бір мәрте сезінді. ”Өмір деген – бір жарқ еткен найзағай,  Өмір деген – көк аспанның күркірі...” Ұлы ақынның жыры әрдайым жүрегімізде! 
Кәсіби бағдар беру жұмыстары
12
февраль
2025
Кәсіби бағдар беру жұмыстары
12.02.2025ж.Алматы менеджмент университеті лицейдің 10-11 сынып оқушыларына кәсіби бағдар бойынша түсіндірме жұмыстарын өткізді.Кездесу барысында оқушылар заманауи мамандықтар, жоғары білім беру мүмкіндіктері және еңбек нарығындағы сұранысқа ие бағыттар туралы мағлұмат алды. Сондай-ақ, университет өкілдері оқу бағдарламалары мен талаптары жөнінде пайдалы ақпаратпен бөлісті. 
Сайыс: “Білгірлер бәйгесі”
12
февраль
2025
Сайыс: “Білгірлер бәйгесі”
12.02.2025ж. “Білгірлер бәйгесі” атты 8-сыныптар арасында интеллектуалды сайыс өтті. Сайысқа 8-сыныптардан құралған 5 топ қатысты, әр топта 4 оқушыдан болды. 🔰Барлық оқушылар белсенділік танытып, өздерінің логикалық ойлау қабілеті мен математикалық білімдерін көрсете білді. Жарыс соңында жинаған ұпайларына сәйкес жеңімпаздар анықталды: 🥇 8 “Г” сыныбы – 1 орын 🥈 8 “А” сыныбы – 2 орын 🥉 8 “Ә” сыныбы – 3 орын Сайыс өте тартысты әрі қызықты өтті. Оқушылар өз білімдерін сынап қана қоймай, топпен
Іс-шара: «Болашақ мамандықты таңдау жолындағы алғашқы қадамдар»
11
февраль
2025
Іс-шара: «Болашақ мамандықты таңдау жолындағы алғашқы қадамдар»
11.02.2025 күні Махатма Ганди атындағы №92 мамандандырылған лицейдің ДБОЖЖО М.Б. Абылқасым, лицей психологтары Ә.Н. Полатбекова, А.Б. Турсунбекова, Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық университетінің Педагогика және психология мамандығының 3-курс практиканттары «Болашақ мамандықты таңдау жолындағы алғашқы қадамдар» тақырыбында 6-сынып оқушыларына іс-шара ұйымдастырды. 🔰Мақсаты: оқушыларға болашақ мамандықты саналы түрде таңдау дағдыларын дамытуға көмектесу, олардың қызығушылықтарын,
6-сынып оқушыларымен жүргізілген тренинг
11
февраль
2025
6-сынып оқушыларымен жүргізілген тренинг
Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық университетінің 6В01101 – Педагогика және психология мамандығының 3-курс практиканттары мен лицей психологтары “Болашақ мамандықты таңдау жолындағы алғашқы қадамдар” тақырыбына іс-шара ұйымдастырды.           Бұл тренингтің негізгі мақсаты — оқушыларға болашақ мамандықты саналы түрде таңдау дағдыларын қалыптастыру, олардың қызығушылықтары, қабілеттері мен жеке ерекшеліктерін анықтауға бағыт беру. Тренинг барысында психологиялық ахуалды қалыптастыру және
«Zhiger« республикалық жарыс
09
февраль
2025
«Zhiger« республикалық жарыс
«Zhiger« республикалық балалар мен жасөспірімдер  арасында өткізілген «Аспаптық орындаушылық» номинациясы бойынша 🥈орын алғаны үшін 8«А» сынып оқушысы Тулендиева Аруай марапатталды. Құттықтаймыз!
«Zhanuiya сир І»  пікірсайыс турнирі
09
февраль
2025
«Zhanuiya сир І» пікірсайыс турнирі
«Жастар» интеллектуалды пікірсайыс клубының 15 жылдығына орай, «Zhanuiya сир І» республикалық қайырымдылық, пікірсайыс турнирінің Мектеп лигасында 1 орын алғаны үшін 11 "Б" сынып оқушысы Сұлтанғазиев Аянби марапатталады. Құттықтаймыз!