Алматы қаласы
Білім басқармасының
"Махатма Ганди атындағы
№92 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727)248-30-40
Есепші бөлімі:
+7(727) 248-46-55
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
Сайыс: “Білгірлер бәйгесі”
12
февраль
2025
Сайыс: “Білгірлер бәйгесі”
12.02.2025ж. “Білгірлер бәйгесі” атты 8-сыныптар арасында интеллектуалды сайыс өтті. Сайысқа 8-сыныптардан құралған 5 топ қатысты, әр топта 4 оқушыдан болды. 🔰Барлық оқушылар белсенділік танытып, өздерінің логикалық ойлау қабілеті мен математикалық білімдерін көрсете білді. Жарыс соңында жинаған ұпайларына сәйкес жеңімпаздар анықталды: 🥇 8 “Г” сыныбы – 1 орын 🥈 8 “А” сыныбы – 2 орын 🥉 8 “Ә” сыныбы – 3 орын Сайыс өте тартысты әрі қызықты өтті. Оқушылар өз білімдерін сынап қана қоймай, топпен
«Zhiger« республикалық жарыс
09
февраль
2025
«Zhiger« республикалық жарыс
«Zhiger« республикалық балалар мен жасөспірімдер  арасында өткізілген «Аспаптық орындаушылық» номинациясы бойынша 🥈орын алғаны үшін 8«А» сынып оқушысы Тулендиева Аруай марапатталды. Құттықтаймыз!
«Zhanuiya сир І»  пікірсайыс турнирі
09
февраль
2025
«Zhanuiya сир І» пікірсайыс турнирі
«Жастар» интеллектуалды пікірсайыс клубының 15 жылдығына орай, «Zhanuiya сир І» республикалық қайырымдылық, пікірсайыс турнирінің Мектеп лигасында 1 орын алғаны үшін 11 "Б" сынып оқушысы Сұлтанғазиев Аянби марапатталады. Құттықтаймыз!
“Royal Ball” жарысы
07
февраль
2025
“Royal Ball” жарысы
М.Ганди атындағы №92 мамандандырылған лицейінің 8«Ә» сынып оқушысы Жангелді Томирис “Royal Ball” жарысында 1-орын алып, үздік өнерімен көзге түсті! Бұл жеңіс – қажырлы еңбектің, талмай ізденістің және үлкен таланттың жемісі. Томиристің жеңісі – тек жеке жетістік қана емес, сонымен қатар мектебіміз үшін зор мақтаныш! Жетістіктерің мол болсын, жаңа белестерді бағындыра бер!
Республикалық Шахматтан «Ақбозат» турнирі
03
февраль
2025
Республикалық Шахматтан «Ақбозат» турнирі
Республикалық Шахматтан «Ақбозат» турнирінің қалалық кезеңінде 9-11 сыныптар арасында 1-орын иегерлері: 1.Байтлеу Сырым 2.Мұхаметқали Мерей 3.Оралтай Абдуллаһ 4.Оспанова Аделя Құттықтаймыз!
«Жарқын болашақ» республикалық байқауы
30
январь
2025
«Жарқын болашақ» республикалық байқауы
«Жарқын болашақ» республикалық қазақ тілі олимпиадасының аудандық кезеңінде «Сөз шеберлері» бағыты бойынша М.Ганди атындағы №92 мамандандырылған лицейдің 11 «Б» сынып оқушысы Сұлтанғазиев Аянби 1 дәрежелі дипломмен марапатталды. Жетекшісі:Мунасаева Р.Н Құттықтаймыз!
Шахматтан «Ақбозат» турнирінің аудандық кезеңі
28
январь
2025
Шахматтан «Ақбозат» турнирінің аудандық кезеңі
Республикалық Шахматтан «Ақбозат» турнирінің аудандық кезеңінде 9-11 сыныптар арасында 1-орын иегерлері: 1.Байтлеу Сырым 2.Мұхаметқали Мерей 3.Оралтай Абдуллаһ 4.Оспанова Аделя Құттықтаймыз!
«Абай әлемі» шығармашылық байқауы
28
январь
2025
«Абай әлемі» шығармашылық байқауы
Жалпы білім беретін мектеп оқушыларының арасында Ұлы Абайдың шығармашылығын  насихаттау мақсатында өткен «Абай әлемі» шығармашылық байқауының  қалалық кезеңінің II дәрежелі диплом иегері: 1)11 «В» сынып оқушысы: Телібай Ескендір🥈 Жетекшісі: Мунасаева Р.Н. Құттықтаймыз!
Конькимен жүгіруден Қазақстан Республикасының чемпионаты
27
январь
2025
Конькимен жүгіруден Қазақстан Республикасының чемпионаты
М.Ганди атындағы №92 мамандандырылған лицейдің  7 «Ә» сынып оқушысы Бакитжан Арнұр Қостанайда өткен Қазақстан Республикасының чемпионатында конькимен жүгіру спортынан бас жүлде иеленді. Сол нәтижеге сай  4 алтын медальмен оралып, қуантты. Жеңісімен шын жүректен құттықтаймыз!
«Қаһарман қазақ еді» жыр мүшайрасы
24
январь
2025
«Қаһарман қазақ еді» жыр мүшайрасы
«Ақжол»демократиялық партиясыньң  Шығыс Қазахстан облыстьқ филиалының ұйымдастыруымен өткен Желтоқсан көтерілісінің құрбаны Сәбира Мухамеджанованы еске алуға арналған «Қаһарман қазақ еді» жыр мүшайрасында II дәрежелі дипломымен, ақшалай 30000 сыйақымен 10«Г» сынып оқушысы Қожахмет Гүлжайна марапатталды. Құттықтаймыз!