30
сентябрь
2025
«Бес асық» клубы
М.Ганди атындағы №92 мамандандырылған лицейдің «Smart Kids» қызығушылықты дамыту орталығы аясында жұмыс істейтін «Бес асық» клубы қыркүйек айында өз жұмысын жоспарға сәйкес жүргізді.
Клуб жетекшісі Сисенова Жанар Жақсылыққызының жетекшілігімен 5–7 сынып оқушыларына арналған 3 оқу сабағы өткізілді.
Сабақ барысында:
- «Бес асық» ұлттық ойынының шығу тарихы мен ережелері түсіндірілді,
- Асық түрлері мен ойнау тәсілдері көрсетілді,
- Жарыс түріндегі жаттығулар ұйымдастырылды.
Клуб сабақтарына оқушылар белсенді қатысып, ұлттық ойынға деген қызығушылықтарын арттырды.
Сабақтар тәртіпке сай, қауіпсіздік ережелерін сақтай отырып жүргізілді.