Алматы қаласы
Білім басқармасының
"Махатма Ганди атындағы
№92 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727)248-30-40
Есепші бөлімі:
+7(727) 248-46-55
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
30
сентябрь
2025

«Парасат үш тілділік дебат клубы»

Мақсаты:  Үштілді дебат арқылы оқушылардың сыни ойлау, дәлелді сөйлеу, қоғамдық пікірталас жүргізу дағдыларын қалыптастыру. Қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде ой еркіндігін дамыту, көшбасшылық пен коммуникативтік қабілеттерін жетілдіру.  

Қыркүйек айында өткізілген сабақтар:  

1. 4-қыркүйек 2025 ж.  

   Тақырыбы: «Дебат деген не? Что такое дебаты? What is debate?»  

   Мақсаты: Дебат ұғымын үш тілде таныстырып, оқушылардың дебатқа деген қызығушылығын ояту.     

   Форматы: Топтық пікір алмасу, видеоматериалдармен танысу.  

2. 11-қыркүйек 2025 ж.  

   Тақырыбы: «Дебат форматтарының түрлері: БПФ, ЛДФ, Карл Поппер»  

   Мақсаты: Әртүрлі дебат форматтарының құрылымын салыстырып түсіндіру, артықшылықтары мен кемшіліктерін талдау.  

   Жұмыс түрі: Постер қорғау, форматтық диаграмма жасау.  

3. 18-қыркүйек 2025 ж.  

   Тақырыбы: «Британ парламенттік форматы (БПФ) – құрылымы мен рөлдері»  

   Мақсаты: Оқушыларды БПФ құрылымымен таныстыру, үкімет пен оппозиция рөлдерін меңгерту.  

   Жұмыс формасы: Рөлдік ойындар, шағын топтық дебат.   

4. 25-қыркүйек 2025 ж.  

   Тақырыбы: «Аргумент құру тәсілдері: Claim – Warrant – Impact»  

   Мақсаты: Аргументтің құрылымын меңгеру, дәлелмен сөйлеу дағдыларын қалыптастыру.   

   Тәжірибе: Практикалық жаттығулар, аргументтік карта құру.   

Нәтиже:  

Қыркүйек айында 4 толыққанды сабақ өткізілді. Оқушылар дебат негіздерін меңгеріп, форматтармен танысып, алғашқы пікірталас тәжірибелерін бастады. Сабақтар жоғары белсенділікпен, қызығушылықпен өтті. Үш тілдегі жұмыстар арқылы тілдік дағдылары, логикалық ойлау, топпен жұмыс істеу қабілеттері дами түсті.  

Клуб жетекшілері:  

 Қазақ лигасы: Юлдашева Г.Б, Лепесова К.Д  

Ағылшын лигасы: Ақбас Ж.М, Қарсақбай З.Ә  

 Орыс лигасы: Жұмабаева Қ.А, Шалтабанова Д.Д