22
апрель
2026
ҚЫЗДАР ЖИНАЛЫСЫ
Сәуір айының 22-күні лицейімізде қыз балаларға денсаулыққа жауапкершілікпен қарауды түсіндіру, жеке гигиена дағдыларын қалыптастыру және репродуктивті денсаулық туралы білім беру арқылы өзін құрметтеу мен саналы таңдау жасау қабілетін дамыту мақсатында «Өзіңді құрметтеу – денсаулықтан басталады» тақырыбында қыздар жиналысы өтті.
Жиналыс барысында лицейдің тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Куандыкова А.С қыз балаларға қоғамдық ортада өзін дұрыс ұстау мәдениеті, әдептілік қағидалары, тазалық пен ұқыптылықтың маңызы, тәртіп сақтау, сондай-ақ жас ерекшелігіне сай дұрыс киіну жөнінде маңызды ойларымен бөлісті. Ол қыз баланың сыртқы келбеті мен ішкі мәдениеті қатар үйлескенде ғана тұлғалық қалыптасуы жоғары деңгейде болатынын атап өтті.
Сонымен қатар мектеп психологы Полатбекова Ә.Н қыздарға олардың көңіл күйі мен психологиялық саулығының маңыздылығын түсіндіріп, әрбір жасөспірімнің өзін бағалауы, өз-өзіне сенімді болуы және эмоционалдық тұрақтылығы болашақ өміріне тікелей әсер ететінін айтты. Психолог оқушыларға олардың тек өз отбасы үшін ғана емес, жалпы қоғам үшін де маңызды тұлға екендігін, болашақ ана ретінде денсаулығына, тәрбиесіне және өмірлік таңдауларына жауапкершілікпен қарау қажеттігін ерекше атап өтті.
№12 қалалық емхананың гинеколог дәрігері Айтбенбетова А.К және мектеп мейірбикесі Келдібақытқызы А қыздарға арналған «ВПЧ – Адам папиллома вирусы» және «Жасөспірімдерді репродуктивті денсаулық түсінігімен таныстыру» тақырыптарында ақпараттық-түсіндіру лекциясы өткізілді. Лекция барысында мамандар жасөспірімдерге өз денсаулығына жауапкершілікпен қараудың маңызын түсіндіріп, зиянды әдеттерден аулақ болу, жеке шекараны сақтау, қауіпсіз мінез-құлық дағдыларын дамыту туралы кеңінен ақпарат берді. Қатысушылар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, ашық пікір алмасу жүргізді.