Алматы қаласы
Білім басқармасының
"Махатма Ганди атындағы
№92 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727)248-30-40
Есепші бөлімі:
+7(727) 248-46-55
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
17
ноябрь
2025

7-сынып оқушыларымен жүргізілген тренинг

Тақырыбы: «Танымдық процестерді дамыту»

Мақсаты: Оқушылардың танымдық қабілеттерін (зейін, есте сақтау, ойлау, қиял) жетілдіру, логикалық ойлау дағдыларын дамыту және танымдық белсенділігін арттыру.

Тренинг барысында оқушылармен танымдық бағыттағы түрлі қызықты жаттығулар жүргізілді.   

– «Зейінді бол» ойыны арқылы назар тұрақтылығы мен шоғырлануын арттыру;  

– «Қиялыңды ұшта» тапсырмасы арқылы шығармашылық ойлауын дамыту;   

– «Есте сақта!» ойыны арқылы есте сақтау қабілетін тексеру;   

– «Логикалық тізбек» тапсырмасы арқылы жүйелі ойлау қабілетін жаттықтыру.